«Тіл – татулық тірегі» атты республикалық байқаудың қорытындылары туралы

30 қазан 2014 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратураның бастамасымен және Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қолдауымен ұйымдастырылған «Тіл – татулық тірегі» атты республикалық байқаудың қорытындысы жарияланды.

Жарысты қазылар алқасының төрағасы, беделді қоғам қайраткері Мырзатай Жодасбеков қорытындылады. Байқаудың бас жүлдесін Мемлекеттік күзет қызметі жеңіп алды, ал бірінші орынды Бас прокуратура, екінші орынды Қорғаныс министрлігі, ал үшінші орынды Жоғарғы Сот пен Ұлттық қауіпсіздік комитеті иеленді.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ал ерекше көзге түскен үздік қатысушылар Бас прокуратураның алғыс хаттарымен марапатталды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу