You are here

«Тіл – татулық тірегі» атты республикалық байқау туралы баспасөз ақпараты (Астана, 29 қазан 2014 жыл)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бастамасымен және Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қолдауымен «Тіл – татулық тірегі» атты республикалық байқау өтті. 

Аталған іс-шара мемлекеттік тілді дамыту және оның рөлін арттыру, қызметкерлердің күнделікті өмірде және қызмет барысында қазақ тілін белсенді қолдануға талпыныстарын күшейтуге қолайлы жағдай жасау жөніндегі Мемлекет басшысының саясатын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.

Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың бәйгеге қатысушыларға арналған құттықтауын оның орынбасары Жақып Асанов жеткізді. Құттықтау лебізде атап көрсетілгендей, байқау мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға, мемлекеттік басқару органдарында қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған, сонымен қатар халықтар арасындағы өзара түсіністік пен татулықты нығайтуға, қоғамдағы келісім мен толеранттық қағидаларын бекітуге ықпал ететін сүбелі үлес болып табылады.

Жарысқа Бас прокуратура, Жоғарғы Сот, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті қызметкерлерінен құралған 8 топ  қатысты.

Әрбір ведомствоның өкілдері өздерінің мемлекетттік тілді жетік меңгергендіктерін көрсетіп, оны кәсіби қызмет барысында еркін қолдана білетін дағдыларын ортаға салды.

Байқау қорытындысымен айқындалған жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болып, жекелеген сайыстар бойынша ерекше көзге түскен үздік қатысушылар түрлі ынталандырушы аталымдар бойынша алғыс хаттармен марапатталды.

 

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры
А.Қ.Дауылбаевтың мемлекеттік тілді
насихаттауға арналған ведомствоаралық
байқауға қатысушыларға
құттықтау сөзі
2014 жылғы 29 қазан

 

Тіл туралы заңның алғаш қабылданғанына 25 жыл толуына арналған ведомствоаралық байқаудың қатысушылары мен қонақтарын шын жүректен құттықтаймын!

Қазақ тілі – мемлекеттік тіліміз ел бірлігінің түпқазығы болып табылатыны сөзсіз.

Оны сақтау мен одан әрі дамыту – барша саналы азаматтарды толғандыратын маңызды мәселе болып отыр.

Мемлекет басшысы атап айтқандай, азаматтарымыздың мемлекеттік тілді келешекте жетік білуі біздің теңдігімізді нығайтып, бірлігімізді бекемдей түсері анық.

Қазақстан – көптеген тілдер мен мәдениеттер тоғысқан бірегей ел десек, мұнда қалыптасқан үйлесімділік пен келісім көпұлтты қоғамның қарқынды дамуының кепіліне айналып отыр.

Мемлекеттік тіл ғана жалпы азаматтық, мәдени кеңістік пен білім көкжиегін қалыптастырады.

Мемлекеттік тілдің қолданыс аясының кеңеюі орыс және өзге де тілдердің қолданылуы мен дамуына кедергі келтірмейтіндігін атап өту аса маңызды және олардың қолданылуына тиісті конституциялық кепілдіктер де қарастырылған.

Түрлі дәстүрлер мен мәдениеттерді еркін меңгеретін еліміздің өзіндік табиғатына сай ерекшелігі де осында жатыр. Қазақстанның ішкі достық бірлігі мен мызғымастығының сыры да сонда.

Тұтастай алғанда, тіл саясатын жүзеге асыру ісіне тек білім беру мекемелері ғана емес, еліміздің азаматтары да сүбелі үлестерін қосуға тиісті.

Өйткені бұл біздің ортақ парызымыз және жұмыла көтерер жауапкершілігіміз.

Бүгінгі ведомствоаралық байқау мемлекеттік тілді насихаттаудағы маңызды қадамдардың бірі екендігін атап өту қажет. Бұл мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілді қолдану саласын кеңейтуге қосқан біздің үлесіміз, ал бұл қадам тілімізді одан әрі нығайтудың негізі болмақ.

Қазақ тілін дамыту адамдарды ажыратпай, халықтарды жақындастыруға, олардың арасындағы өзара түсіністікке, қоғамдағы келісім мен толеранттылық қағидаларын бекітуге септігін тигізуі маңызды.

Байқау қазақ тілі мен достық қарым-қатынастың мейрамына айналарына, әсіресе, оны құқық қорғау саласында насихаттауға ықпал ететініне сенімдімін.

Барлығыңызға жемісті еңбек, ал қатысушыларға бар жақсылықты тілеймін.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.