You are here

Тиімді қылмыстық саясат және қылмыстық сот өндірісінің оңтайлы үлгісінің сұрақтары аясындағы халықаралық конференция туралы (17-18 наурыз 2017ж.)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Алматы облысында «Тиімді қылмыстық саясат және қылмыстық сот өндірісінің оңтайлы үлгісі – заманауи құқыққорғау жүйесін жетілдірудің басым бағыты» тақырыбында халықаралық конференция өтуде.

Іс-шараның ұйымдастырушылары Бас прокуратура, Жоғарғы сот, Қазақстан Республикасының Конституиялық кеңесі, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның Астана қалалық Кеңсесі, Еуропа кеңесінің Венециялық комиссиясы, халықаралық құқықтық серіктестігінің «IRZ» неміс фонды.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Донақов, Конституциялық Кеңестің төрағасы Игорь Рогов, Парламент депутаттары, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Ерлік Кененбаев, мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдар қатысты.

Күн тәртібіндегі басты тақырыптар адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі әділеттілік мәселелері және олардың рөлі, экономика саласындағы қылмыстық іс және оларды тергеу формалары, сотқа дейінгі өндірістің теориясы мен практикасы, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жіктеу өлшемдерін анықтаудың жаңа әдістері жөніндегі ақпараттарды тіркеу болды.

Жаңартылған қылмыстық-процестік заңнаманың шарттарына сәйкес жаңа құқықтық және процестік  институттар өз жұмысын бастады. Бұл өз кезегінде тергеу органдары мен сотқа жүктелген ауыр салмақты айтарлықтай төмендетті, процеске қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау кепілдіктерін қамтамасыз етті.

Іс-шара барысында сотқа дейінгі өндірістің негізгі новеллалары және жаңа ҚПК шеңберіндегі құқық қолдану мәселелері жөніндегі ауқымды пікірталас және пікір алмасулар болды. Конференцияға қатысушылар жүргізілген реформалардың маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ қылмыстық процесті одан әрі жетілдіруге бағытталған бірқатар ұсыныстар айтылды.

Процессуалдық маңызды жаңалықтарды бірлесіп талдау өз кезегінде құқық қолдану практикасының нәтижесін талдауға, процессуалдық заңнаманың одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттарын анықтауға, сотқа дейінгі өндірісті оңтайландыруға және оның құқық қорғау әлеуетін күшейтуге мүмкіндік туғызды.

Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.