Терроризм үшін күдікті Түркиядан экстрадицияланды

16 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2018 жылғы 16 қазан, Астана. Бүгін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатымен Елдос Күншығаровты Түркиядан экстрадициялады.   

Ол 2011 жылы Атырау қаласының аумағында террористік қылмыстарды жасағаны үшін күдікті.

Күншығаров заңға қайшы әрекетінен кейін ізін жасырған еді. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды.

Қазақстанның қылмыстық қудалау органдарының түрік әріптестерімен өзара үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде күдікті елге жеткізілді.

Қазір Күншығаров Атырау қаласындағы тергеу изоляторына орналастырылды. Сот үкімі шығарылғанға дейін сонда болады.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу