Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар беру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс туралы БАҚ үшін ақпарат

07 қазан 2013 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылдың 2 тамызында Павлодар облысы ІІД Жедел басқару орталығының операторына белгісіз адамнан Павлодар қаласы үйлерінің біріндегі аулаға бомба қойылғаны туралы мәлімет келіп түсті.

Жүргізілген тергеу барысында анықталғандай, Павлодар қаласының тұрғыны И. мас күйінде ұялы телефон арқылы полицияға хабарласып, Павлодар қаласындағы Щедрин көшесі №81-үйдің ауласында жарылғыш зат қойылғаны туралы мәлімет берген.

Облыстың ұлттық қауіпсіздік, төтенше жағдайлар және ішкі істер органдары жарылғыш заттарды іздеу және залалсыздандыру бойынша іс-шаралар кешенін жүргізген, осының салдарынан мемлекетке айтарлықтай материалдық шығын келтірілген.

Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша Павлодар қ. ІІБ тергеу бөлімі қылмыстық іс қозғаған. Азамат И.-ге айып тағылып, ол 5 тамызда қамауға алынған.

Павлодар қ. прокуратурасы айыпталушыны сотқа берді, қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралуда.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу