You are here

Террористiк тұрғыдан осал объектілердің меншік иелерінің, иеленушілерінің, басшыларының жауапкершілігі мәселелері

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Еркебұлан Демесінов,
Бас прокуратураның
1-департаментінің бөлім прокуроры

Бүгінде елімізде 16 мыңға жуық террористiк тұрғыдан осал объектілер бар. Оларға аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық объектілер және стратегиялық маңызы бар экономика саласының объектілері, қауіпті өндірістік объектілер, сондай-ақ, адамдар көп жиналатын объектілер жатады.

Террористiк тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне нақты талаптар қойылған, оларды сақтау олардың басшыларына міндетті екені белгілі. Тиісті өткізу режимін, объектілерді қазіргі заманғы инженерлік-техникалық күзет жабдықтарымен жарақтауды қамтамасыз ету імаңызды міндеттердің бірі болып табылады.

Осы мақсатта Ішкі істер министрлігі террористiк тұрғыдан осал объектілердің басшылары мен персоналы үшін олардың терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру мәселесі бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді.

Террористiк тұрғыдан осал объектiнiң терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету және қауiпсiздiгiнiң тиiстi деңгейiн сақтау жөнiндегi мiндеттердi орындамау және (немесе) тиiсiнше орындамау үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 149-бабымен бір жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл, осы әрекеттер әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған кезде - бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл қарастырылғанын атап өту керек.

Міндетті талаптардың болуына қарамастан, жүргізілген талдау нәтижелері кейбір террористiк тұрғыдан осал объектілердің әлі де қанағатсыз жағдайда тұрғанын көрсетуде.

Бұл мәселелер уәкілетті органдар тарапынан ұдайы қатаң бақылауда болады. Ағымдағы жылдың басынан бастап ішкі істер органдары адамдар көп жиналатын объектілеріде терроризмге қарсы қорғалу талаптарының сақталуына тексеру жүргізуге кірісіп кетті. Террористiк тұрғыдан осал объектілердің басшыларын жауапкершілікке тарту фактілері бар.

Осыған байланысты, террористiк тұрғыдан осал объектілер басшыларының назарын өздеріне сеніп тапсырылған объектілердің терроризмге қарсы қорғалудың тиісті деңгейін жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес қамтамасыз етуге шаралар қабылдау, сондай-ақ, персоналды болуы мүмкін қатер қауіпі, терроризм актісін және терроризмге қарсы операцияны іске асыру жағдайындағы тәртіпке оқытуды ұйымдастыру қажеттігіне аударамыз.

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.