You are here

Тереңөзектегі мектеп оқушыларымен кездесу

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында Бас Прокурордың орынбасары Жақып Асанов Қызылорда облысы Сырдария ауданының орта мектептерінің үздік оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Ж.Асанов дәріс оқып, Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауының маңызды бағыттары туралы айтып берді.

Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары мен жетістіктеріне кеңінен тоқталды.

Өз өмірінде оған күш-жігер беріп, еңбекті сүюіне ықпал еткен жағдайлардан мысалдар келтірді. 

Оқушылармен кәсіпті дұрыс таңдаудың және өз мүмкіндігіңді жүзеге асырудың маңыздылығы туралы ойларымен бөлісті.

Жетістікке жетудің көпшілікке белгілі формуласы бар, - деді Ж.Асанов. Оны былай айтуға болады: «Өз ісіңді тауып, оған бар жан-тәніңмен беріліп кіріссең, сені бақыт өзі тауып алады».

Оқушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарға тұшымды жауаптар ала алды.

Кездесуге оқушылар, ардагерлер және мұғалімдерді қоса алғанда 600 адам қатысты.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.