You are here

Тараздағы колонияда болған оқиға прокуратураның бақылауында

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Жамбыл облысының прокуратурасы әлеуметтік желіде тараған Тараз қаласы 158/4 мекемесінде наразылық белгісі ретінде аштық жариялаған Қырғызстан азаматына қатысты мәліметті тексеруде.

Ақпарат аса ірі көлемде есірткі контрабандасы үшін 2016 жылдың желтоқсан айында 15,5 жылға бас бостандығынан айырылған              1981 жылы туған Қырғызстан азаматы Эркинбек Тентимишевқа қатысты.

Э.С. Тентимишов ІІІ топтағы мүгедек. 2017 жылдың қазан айынан бастап денсаулығына байланысты мекеменің медициналық бөлімінде емдеуден өткен.

Мекеме әкімшілігі Э. Тентимишевтің жағдайының жақсаруына байланысты қалыпты ұстау жағдайына биылдың ақпан айынан ауыстыру шешімін шығарған. Алайда сотталушы қабылданған шешімге қарсылық білдірді.

Сотталушы облыс прокуратурасының қызметкерлерімен кездесуі  барысында мекеменің әкімшілігі тарапынан медициналық бөлімде оған одан әрі қалуға болмайтыны түсіндірілгенін және ол ешқандай наразылығы жоқ екенін айтқан.

Прокуратура сотталғандар құқықтарының толық сақталуы бойынша түзеу мекемесі әкімшілігінің  әрекеттеріне тексеру жүргізуді жалғастыруға және оған құқықтық баға беруге ниетті.

Э.С. Тентимишовке құқық қорғау ұйымдары өкілдеріне жүгінуге мүмкіндік берілді.

Оған дейін сотталушы жазаны әрі қарай отанында өтеу үшін өтініш бергенін хабарлаймыз. Қазақстанның Бас прокуратурасы оның сұрауын қолдап, Қырғызстанға тиісті сауал жолдады.

Алайда 2017 жылғы 21 маусымда Қырғызстан Республикасының Бас прокуратурасынан Э.С. Тентимишовке жасаған қылмысының қоғамдық қауіптілік деңгейінің жоғары, сондай-ақ мемлекет мүддесіне залал келтіреді деген себеппен, оны қабылдаудан бас тарту туралы жауап келді. 

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.