You are here

«Стамбул хаттамасына сәйкес азаптау мен қатыгездік жасауды медициналық құжаттандырудың тиімділігі» атты курстарының ашылуы туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2016 жылғы 3 қазан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Астанада «Стамбул хаттамасына сәйкес азаптау мен қатыгездік жасауды медициналық құжаттандырудың тиімділігі» тақырыбы бойынша апталық курс ашылды.                                                                                         

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясымен ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисімен бірлесіп  ұйымдастырылды.

Іс шараның мақсаты тыңдаушыларды қатыгездік жасау деректерін медициналық құжаттандыру, тергеудің кейбір машықтары мен әдістемелерін үйрету.

Курсқа аумақтық прокуратура органдарының, адвокатура және сот-медициналық сараптамасының қызметкерлері шақыртылды. Оқытуға отандық және халықаралық тәжірибелі сарапшылар тартылды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы құқық қорғау органдарының Академиясының бірінші проректорының міндетін атқарушы Наиль Ахметзакиров іс шараны аша отырып, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисінің өкілдері мен сарапшыларының қатысқандарына  алғысын білдіріп, тыңдаушыларды курстың ерекшеліктерімен таныстырып, оларды белсенділік танытып, бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. 

ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисінің адам құқығы жөніндегі кеңесшісі Сара Бонотти семинардың азаптау мен қатыгездік жасауды тергеудің тиімділігі мен оларды болдырмаудың заманауи стандарттарға сай маңыздылығын атап өтті. 

Тренингте қатысушылар үшін халықаралық тергеудің стандарттары мен қылмыстық іс жүргізу кезінде мамандардың әрекеттесу принциптерін үйрену, сонымен қатар тәжірибелік жұмыстарда білімдерін жетілдіру мүмкіндігі туады.  

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы

Құқық қорғау органдарының академиясының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.