You are here

Спорттық шаралардың қорытындысы туралы БАҚ үшін ақпарат (Астана қаласы, 2013 жылдың 15 қарашасы)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне, прокуратура органдарының құрылған күніне және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күніне арналған еліміздің прокуратура органдарының командалары арасында мини-футбол мен волейбол бойынша өткен ведомстволық чемпионат аяқталды.

Жарысқа республикамыздың прокуратура органдарының, ведомстволары мен мекемелерінің құрама командалары қатысты.

Мини-футболдан чемпионаттың жеңімпазы және Бас Прокурордың Кубогының иегері болып Бас Прокурордың құрама командасы алға шықты, екінші орынды Бас әскери прокуратурасының командасы жеңіп алды. Үшінші жүлделі орын Алматы қаласы прокуратурасының командасына берілді.

Жарысты ұйымдастырушылар «үздік шабуылшы» номинациясы бойынша Абдрашов Арманды (Бас Прокурордың командасы) жеңімпаз деп тапты. «Үздік қорғаушы» болып Қосмағамбетов Төлеген танылса (Бас әскери прокуратураның командасы), ал «Үздік қақпашы» номинациясы Қаххаров Сұхрабжанның (Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының командасы) еншісіне тиді.

Ерлер арасында волейболдан өткен ойынның қорытындысы бойынша турнирдің жеңімпазы және Бас Прокурордың Кубогының иегері болып Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің командасы танылды. Екінші орынды Алматы қаласының командасы иеленді. Үшінші жүлделі орын Ақмола облысының прокуратурасының командасына бұйырды.

Волейболдан «үздік шабуылшы» номинациясы бойынша Ахмет Қайратты (Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің командасы) жеңімпаз деп тапты. «Үздік қорғаушы» болып Раисов Қайрат танылса (Бас прокуратураның Орталық Аппаратының командасы), ал «Үздік байланыстырушы» номинациясы Шарипов Болаттың (Ақмола облысы прокуратурасының командасы) еншісіне тиді.

Бірінші орындарды алған командаларға кубоктар, грамоталар мен естелік медальдар табыс етілді. Үздік номинациялардың иелеріне грамоталар мен бағалы сыйлықтар берілді.

Прокуратура органдарында спортты және салуатты өмір салтын насихаттау мен оны дамытуда жарыстардың ерекше рөлі атқаратынын  прокурорлар атап өтті. Бұл жарыстардың басты маңызы ұжымды бірлікке шақырады, прокурорлық қауымдастықтың ынтымағы мен өзара жарасымдылығының белгісі болып табылады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.