You are here

Соттылықтың бар не жоқтығы туралы анықтама беру тәртібіндегі өзгерістер туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Таяудағы уақытқа дейін құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары жеке адамдардың арыздары бойынша соттылықтың бар не жоқтығы туралы мәліметтерді бекітілген «Соттылықтың бар не жоқтығы туралы анықтама беру»  мемлекеттік қызмет көрсету стандарты шеңберінде соттылықтың жойылуы және алынуы ескеріле отырып беріліп келді.

Еңбек Кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес кәмелетке толмаған балалар қатысатын білім, тәрбие беру, демалысты және сауықтыруды ұйымдастыру, дене шынықтыру мен спорт, медициналық қамтамасыз ету, әлеуметтік қызмет көрсету, мәдениет пен өнер салаларындағы еңбек қызметіне кәмелетке толмағандарға қатысты кісі өлтіру, денсаулыққа қасақана зардап келтіру, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстары үшін соттылығы бар немесе болған адамдар жіберілмейді.

Осыған қарамастан тексеру барысында бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдардың білім беру мекемелерінде жұмыс істеп жүргендері анықталған еді. Бұлай болмауы тиіс.

Бұл жәйттер арнайы есепке алу мәліметтерін беру тәртібін қайта қарау және берілетін ақпараттар көлемін кеңейту қажеттілігін алға тартты.

Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 17 мамырындағы №505 қаулысына сәйкес бұрынғы көрсетілетін мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша адамның қылмыс жасағаны туралы мәліметтері болуы не болмауы туралы ақпарат беру» деп аталатын болды.

Енді анықтамаларда соттылықтың жойылуына және алынып тасталынуына қарамастан адамның айыпталуышы ретінде жауапқа тартылуынан   бастап, одан әрі оның қылмыстық жауаптылықтан босатылуы немесе жазалануы, сондай-ақ аталған адамға қатысты ақталмаған негіз бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылдау туралы ақпараттардың барлығы көрсетілетін болады.

Қарапайым тілмен айтқанда, енді құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары азаматтарға ол жасаған қылмыстар туралы барлық ақпараттарды беретін болады.

Бұл ретте, көрсетілген мәліметтер мемлекеттік және басқа мекемелердің қолданыстағы заңдарға сәйкес пайдалануына жататыны, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 77-ші және 86-шы баптарында қарастырылған соттылықтың жойылуы және алынып тасталу мерізімдері де ескерілуге тиіс.

Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан не электронды үкімет порталынан алынған анықтамалар қылмыстық істер және қылмыстық іс қозғаудан бастарту туралы материалдары жөнінде процессуалдық шешімдер қабылдаған, сондай-ақ мемлекеттік қызмет атқаруға өкілетті және оған теңестірілген адамдарға қатысты арнаулы тексерулер өндірісі кездерінде пайдалануға жатпайды.

Егер мемлекеттік органдар немесе басқа ұйымдар Комитет берген мәліметтерді заңнама талаптарын бұза отырып пайдаланса, онда олардың іс-әрекеті жөнінде азаматтар сотқа арыздана алады.

Бұл қызмет бұрығыдай электронды сандық қолтаңба арқылы электронды үкімет порталы арқылы автоматтандырылған режимде көрсетіледі, ал тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барса 10 минуттың ішінде атқарылады. Азаматтың анкеталық деректері басқа адамдардың деректерімен толықтай сәйкес келген жағдайда, шатасып теріс ақпарат берілмес үшін анықтама 3 жұмыс күні ішінде толықтай тексеріліп   беріледі.

Сондай-ақ  шетелге шығып бара жатқан азаматтарға ыңғайлы болу үшін Халыққа қызмет көрсету орындарында анықтамаларды елтаңбасы бар мөр басылып, жазбаша беру ұйымдастырылған.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика

және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің

баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.