You are here

Соттылық жөніндегі анықтаманы 3 минутта алуға болады

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Президенттің Мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту, азаматтарға жедел қызмет көрсету, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейін арттыру жөніндегі жолдауы аясында соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтаманы алу үрдісін жеңілдетті.

Егер сандық қолтаңба  болған жағдайда мұндай анықтама алу 2012 жылдан бері «электронды үкімет» (www.egov.kz) порталы арқылы жүзеге асырылып келеді.

Егер бұрын азамат ХҚКО-ға  берген өтінішіне жауап алу үшін 3 күн күту қажет болса, ағымдағы жылдың 25 қарашасынан бастап «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы» анықтаманы алу Қазақстанның электрондық үкімет порталында бұрынғы 3 күн мерзімінен 3 минутқа қысқартылды.

Сондай-ақ операторға бармай-ақ сол ХҚКО-да орнатылған арнайы терминалдарды да пайдалануға болады.

Мұндай қызметті пайдалануға азаматтар электронды үкімет порталы арқылы  «Азаматтар» санатындағы «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімі арқылы шыға алады.

Одан кейін «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» қосымша бетін ашып, ұсынылған қызмет көрсетулер тізімінен «Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама алуды» таңдау қажет.  Сипаттамамен танысқаннан кейін, экранның жоғарғы бөлігіндегі тиісті түймешікті басып, анықтамаға тапсырыс беруге болады.

Аталған өзгеріс бұрын қылмыстық жауапқа тартылмаған және сотталмаған адамдарға ғана қатысты. Егер  соттылығы бар немесе анкеталық деректері сотталғандармен сәйкес келген жағдайда анықтама бұрынғыдан  3 күн ішінде ұсынылады. Бұл өтініш берушінің деректерін неғұрлым тереңірек тексеру үшін қажет.

Ағымдағы жылы халықтың бұл қызметке деген қызығушылығын мына фактілерден көруге болады. 2012 жылы прокуратура органдары 600 мыңға жуық анықтама берсе, ал 2013 жылдың 11 айы ішінде ғана бұл сан 1 миллионнан асып түсті.

Осы жылдың  10 желтоқсаны күнгі жағдай бойынша ХҚКО ғимаратынан шықпастан 3 минут ішінде 38 815 азамат анықтама алса, «электрондық үкімет» порталы арқылы тікелей өтініш бергендерге тағы 6 758 анықтама жедел тәртіпте жіберілген.

Сөйтіп, халыққа қызмет көрсетуді жеңілдетумен бірге қызметкерлер мен азаматтардың жеке кездесуі толықтай жойылды.

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Баспасөз  қызметі

 

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.