Сотталған Қазақстан азаматтарын одан әрі жазасын өтеу үшін беру туралы баспасөз ақпараты (Алматы қаласы, 2016 жылғы 1 сәуір)

01 сәуiр 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шетелдегі Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері, Сыртқы істер министрлігінің және Қазақстанның ҚХР-дағы Елшілігінің қолдауымен есірткі контрабандасы үшін түрлі жаза мерзімдері бойынша Қытайда сотталған біздің елдің екі азаматшасы Бейжің қаласынан жеткізілді.

Қытай тарапының құзырлы органдары сотталғандарды Қазақстанға беру туралы шешімді 2011 жылдың 22 ақпанындағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы шартты (ҚР заңымен 2013 жылдың 20 қарашасында ратификацияланған, ҚХР-да–2015 жылдың 1 шілдесінде) іске асыру мақсатында және сотталғандардың өтініштері негізінде қабылдады.

Берілген тұлғаларға қатысты қытай сотының үкімін тану және орындау туралы кепіл негізінде ҚХР құзырлы органдарына Қазақстан сотының тиісті қаулылары жолданды.

Берілген тұлғалар жазаларының қалған мерзімдерін Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес Қазақстанның түзеу мекемелерінде өтейтін болады.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу