You are here

ШЫҰ және ТМД Бас прокурорларының жиналысы қарсаңындағы екіжақты кездесулер (Астана қ., 2015 жылғы 26 тамыз)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры алдағы күндері өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 13-ші жиналысы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттерінің бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің (ТМД БПҮК) 25-ші жиналысы аясында бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді. 

Асхат Даулбаев Қырғыз Республикасының Бас прокуроры Индира Джолдубаевамен, Армения Республикасының Бас прокуроры Геворг Костанянмен, Ресей Федерациясының Бас прокуроры Юрий Чайкамен, сондай-ақ ШЫҰ Бас хатшысы Дмитрий Мезенцевпен, ТМД атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедевпен кездесті.

Сындарлы және достық сипатта өрбіген кездесу барысында ШЫҰ және ТМД БПҮК шеңберіндегі ынтымақтастықтың тиімділігін арттырудың кең ауқымды мәселелері талқыланды.

Тараптар атап өткендей, аталған халықаралық ұйымдар аясындағы қазіргі заманғы интергациялық үдерістер сыртқы байланыстарды нығайту және өзара қарым-қатынастардың сапалы тұрғыда жаңа деңгейге өтуіне негіз болды.

А.Дауылбаев шет елдік әріптестерінің назарын трансұлттық қылмыспен күреске, есірткі трафигінің, тыйым салынған заттарды алып өтудің, сондай-ақ деструктивті сипаттағы тұлғалардың бақылаусыз жүріп-тұруының жолын кесуге аударды, бұл ретте осы саладағы азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін проблемалардың бар екені аталып өтілді.   

Әңгімелесушілер өзара құқықтық көмек көрсету, прокурорлық қызметтің негізгі бағыттары бойынша тәжірибе алмасу, қауіпсіздікке төнетін әртүрлі трансұлттық қатерлер бойынша ұтымды шаралар қабылдау мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді.

Шанхай ынтымақтастық Ұйымы тұрақты әрекет етуші үкіметаралық ұйым. Ол 2001 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасының қатысумен құрылған.

Қазіргі уақытта Ауғанстан, Беларусь, Үндістан, Иран, Моңғолия және Пәкістан ШЫҰ бақылаушылары, Түркия мен Шри-Ланка - сұхбаттасу бойынша серіктес мәртебесіне ие. 2015 жылғы 10 шілдеде Үндістан мен Пәкістанға мүше-мемлекет ретінде ШЫҰ-ға қосылу туралы, ал Әзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Камбоджа Корольдігі және Непал Федеративтік Демократиялық Республикасына сұхбаттасу бойынша серіктес мәртебесін беру туралы шешім қабылданды. 

ТМД БПҮК 1995 жылғы 7 желтоқсанда құрылған. 2000 жылғы 25 қаңтардағы ТМД қатысушы-мемлекеттерінің мемлекет басшылары Кеңесінің шешімімен оған ТМД мемлекетаралық органы мәртебесі берілген. Осы құжатқа Әзірбайжан Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Грузия, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан және Украина қол қойған.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.