ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің бас прокурорларының және ТМД-ға қатысушы мемлекеттерінің бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің жиналыстары туралы БАҚ үшін аңдатпа

25 тамыз 2015 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2015 жылғы 27 тамызда Шанхай ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 13-ші жиналысы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерінің бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің (ТМД БПҮК) 25-ші жиналысы өтеді.

Жиналыстар барысында қылмыстылықпен, сыбайлас жемқорлықпен, терроризммен және экстремизмнің өзге де зорлық көріністерімен, есірткінің заңсыз айналымымен күрестің, нашақорлыққа, адам саудасына және заңсыз көші-қонға тосқауыл қоюдың өзекті мәселелері талқыланады.

Өткізілетін орны: Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 52, «Тәуелсіздік Сарайы».

Іс-шара туралы жариялау үшін БАҚ өкілдері шақырылады. Тілшілер үшін Баспасөз орталығы жұмыс істейін болады. Келушілердің өздерімен бірге жеке куәліктері болуы қажет.

 

ШЫҰ мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 13-ші жиналысы сағат 08:30-да басталады.

БАҚ-ты тіркеу сағат 08.00 мен 08:20 аралығында жүргізіледі.

 

ТМД БПҮК жиналысы сағат 15:00-де басталады.

БАҚ-ты тіркеу сағат 14.15-тен 14:45-ке дейін жүргізіледі.

Аккредитация үшін журналистердің бекітілген тізімін а.ж. 25 маусым күнгі сағат 18:00-ден кешіктірмей 7172766@prokuror.kz электрондық мекен-жайына жіберулеріңізді сұраймыз.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу