You are here

ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер бас прокурорларының отырысы туралы баспасөз ақпараты (Ташкент қаласы, 2014 жылғы 8 қазан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Ташкентте өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше-мемлекеттер бас прокурорларының 12-ші отырысына қатысты.

Форум жұмысына ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер – Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның жоғарғы қадағалаушы органдарының басшылары, сондай-ақ ШЫҰ-ның Бас хатшысы және ШЫҰ Өңірлік антитеррорлық құрылымы (ӨАТҚ) Атқарушы комитетінің директоры, сондай-ақ бақылаушы-мемлекеттер – Үндістан, Иран және Моңғолия елдерінің өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі басты тақырыптар табиғатты қорғау бойынша заңнаманың орындалуы, кәсіпкерлердің, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, сонымен қатар, заңсыз жолмен алынған табыстарды анықтау, тәркілеу және қайтару мәселелері болды.

А.Дауылбаев жиынға қатысушыларды Қазақстандағы трансшекаралық су объектілерін пайдалану, әкімшілік кедергілерді азайту және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған табыс пен мүлікті заңдастыруға қарсы тұру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Отырыстың қорытындысы бойынша Протокол қабылданып, онда қадағалаушы ведомстволардың басшылары трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күресте ортақ күштерді жұмылдыру, аталмыш бағытта үйлестірілген саясат жүргізуге дайын екендіктерін білдірді.

Ташкентте Қазақстанның Бас Прокуроры Қытайдың, Ресейдің, Тәжікстанның, Өзбекстанның, Иранның, Моңғолияның бас прокурорларымен, Қырғызстан бас прокурорының орынбасарымен, Үндістанның Құқық және әділет министрлігі өкілімен және ШЫҰ мен ШЫҰ ӨАТҚ басшылығымен екіжақты кездесулер өткізді. Кездесулер  барысында қылмыспен күрес саласындағы өзекті мәселелер мен ынтымақтастық төңірегінде келелі әңгіме қозғалды.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.