You are here

Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының алқа отырысы туралы баспасөз ақпараты (Өскемен қаласы, 2016 жылдың 18 қаңтары)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында облыс прокуроры Б.Таимбетовтың төрағалығымен облыс прокуратурасының кеңейтілген алқа отырысы өтті. Алқа отырысында 2015 жылдың жұмыс қорытындылары мен алдағы мерзімге арналған міндеттері талқыланды.

Алқа жұмысына қалалардың, аудандардың прокурорлары, облыс аппаратының қызметкерлері қатысты. Бейнеконференциялық байланыс режимінде қалалардың, аудандардың, мамандандырылған прокуратуралардың жедел құрамы қатысты.

Отырыс барысында өткен 2015 жылдың жұмыс нәтижелері талқыланды. Облыс прокурорының орынбасарлары қадағалаудың негізгі бағыттары бойынша баяндама жасады.

Өткен жылы облыс прокуратурасы қойылған талаптарға сәйкес, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қорғау, аумақта тұрақты қоғамдық-саяси ахуалды қалыпты түрде қолдау бойынша шараларды қабылдаған.

Өткен жылы 8 мың жұмысшыға жалақы бойынша 1 млрд. теңгеден астам берешек өндірілді. Қазақстандық және шетелдік жұмысшылардың жалақысындағы айырмашылықты азайту, сондай-ақ, банкроттық және оңалту рәсімдерінен өтіп жатқан кәсіпорындардың жалақы бойынша берешектерін өндіру бойынша шаралар қабылдануда.

Прокурорлық ықпал ету шараларымен мемлекетке келтірілген 3,6 млрд. теңге көлеміндегі залал нақты өндірілді, оның ішінде мемлекеттік бюджетке  - 1,3 млрд. теңге өндірілді.

9,5 мың жасөспірімдердің құқықтары қорғалды. Қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде жасөспірімдер арасындағы қылмыстылықтың саны 40%-ға (524-тен 310-ға дейін), өзіне өзі қол сұғушылық - 23,7%-ға (95-тен 69-ға дейін) азайды.

Ұтқыр топтар кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласудың 33 фактісінің  жолын кесті.

«Өскемен-Водоканал» кәсіпорнының облыс тұрғындары үшін сумен қамту қызметінің бағасын негізсіз жоғарылатуын қайта қарау үшін шаралар қабылдап, нәтижесінде су бағасы 9,5% төмендетілді. Облыс прокуратурасының наразылығымен «ШҚ РЭК» АҚ-ның облыс тұрғындарына берілетін электр қуатының бағасын негізсіз жоғарылатуына жол берілмеді.

Мемлекет меншігіне жалпы алаңы 36 га, кадастрлық бағасы 1,5 млрд. теңге құрайтын 223 жер учаскелері қайтарылды.

Экономикалық контрабандаға қарсы әрекет ету саласында белгілі жұмыстар атқарылды.

Қазақстан-қытай шекарасы арқылы бағасы 127 млн.теңгеден астам сомада тауарларды заңсыз өткізудің 3 фактісі анықталған. Барлық фактілер бойынша айыптау үкімдері шығарылып, контрабандалық тауарлар тәркіленді.

Жүйелі түрде қабылданған шаралармен жаппай браконьерлік пен орманды заңсыз кесу фактілері тоқтатылды, атмосфералық ауаны және жануарлар әлемін қорғау саласында нәтижелі тексерулер жүргізілді.

Алтын ұрлаудың 120 фактісінің жолы кесіліп, олар бойынша 110 қылмыстық іс қозғалды, ықтимал залалдың сомасы 64 млн. теңге құрады.

Криминогендік ахуалдың жай-күйін алсақ, есепке алу - тіркеу тәртібін күшейту және алдын алу шараларын қабылдау нәтижесінде аумақта тіркелген қылмыстардың саны 5,9%-ға (28 942-ден 27 237-ге дейін) азайған.

Азаматтық және әкімшілік істер бойынша шығарылған заңсыз сот актілеріне уақтылы наразылық келтіру арқылы 884 млн. теңге көлемінде мемлекет мүддесі қорғалды.

Атқарушылық құжаттар бойынша мемлекет пайдасына 1 млрд. теңгеден астам сома өндірілді,  жалақы бойынша 100 млн. теңгеден астам, алименттер бойынша 375 млн. теңгеден астам сома өндірілді.

Қабылданған шаралар нәтижесінде бас бостандығынан айыру жерлерінде тұрақты жедел-режимдік тәртіп қамтамасыз етілді.

Алқа отырысының қорытындылары бойынша облыс прокуроры қадағалау қызметінің тиімділігін одан әрі арттыру жөніндегі нақты міндеттер қойды. Халықтың сенімін арттыруға, азаматтардың және заңды тұлғалардың арыздарын сапалы және уақтылы қарауға бағытталған шараларды қабылдау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Шығыс Қазақстан облысының

прокуратурасы

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.