You are here

Шығыс Қазақстан облысы қоғамдық бірлестіктерінің атынан түскен өтініштің қаралғаны туралы ақпарат

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратура «Тахами путь» ЖШС-нің қызметін тексеруге қатысты облыстық прокуратура әрекеттерімен келіспейтіні туралы Шығыс Қазақстан облысы қоғамдық бірлестіктерінің өтінішін қарады.

Өтініште келтірілген деректер Бас прокуратурамен мұқият қаралғанын және тексерілгенін хабарлаймыз.

Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасының лауазымды тұлғаларына қатысты тәртіптік шара қолдануға негіз көрінбейді.

«Прокуратура туралы» Заңның 3-бабы өздерiнiң заңда белгiленген өкiлеттiгiн жүзеге асырған кезде прокуратура органдарының қызметiне араласуға тікелей тыйым салатынын айта кеткен жөн.

Бұл кепілдік прокуратура органдарының қызметіне кімде кімнің үнемі және кездейсоқ араласуына жол бермеуді қамтамасыз етеді.

Осыған қарамастан, жекелеген тұлғалар немесе олардың өкілдері соның ішінде кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктеріне жүгіне отырып прокуратура органдарына ықпал етудің кез-келген тетіктерін пайдалануға тырысуда.

Бұл ретте, мұндай тұлғалардың уәждері әдетте бірнеше мәрте уәкілетті лауазымды тұлғалар мен прокурорлармен тексерілген болып шығады. Олардың шағымдары қаралған және олар бойынша жауап берілген.

Осылайша, олардың жаңа тексерістерге бастамашылық етуі негізінен заң талаптарына қайшы прокуратура органдарын өтініш иелеріне тиімді көзқарасты ұстануға мәжбүрлеуді көздейді.

Бұл қолданыстағы заңнама талаптарын тікелей және өрескел бұзу болып табылатындықтан, мұндайға жол берілмеуі тиіс деп есептейміз.

Сонымен бірге, Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлерінің алаңдаушылығына ортақтаса отырып, прокуратура органдары көбіне Заң талаптарын формальды орындаудан бас тартуға және мұндай мүмкіндіктер әлі бар болған жағдайда өтініш иелерінің уәждерін қараудың толықтығын қамтамасыз етуге тырысады.

Атап айтқанда, өтінішті қарау аясында Шығыс Қазақстан облысының прокуроры мен Бас прокуратура өкілдері ағымдағы жылғы 25 ақпанда «Атамекен» одағы» ҚҰЭП кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Қоғамдық кеңесінің Өскемен қаласында өткен жиналысына қатысты.

Облыстық прокуратура мен әкімдік «Тахами путь» ЖШС-не қалыптасқан жағдайдан шығудың құқықтық жолдарын ұсынды.

Бұл ретте, өтініш сұрағына жауап бере отырып, «Тахами путь» ЖШС бойынша мән-жайды қысқаша сипаттау қажет деп есептейміз.

2009 жылға дейін Өскемен қаласының трамвай шаруашылығы «Трамвайный парк» АҚ-ның меншігінде болған.

2005 жылғы қарашаға дейін «Трамвайный парк» АҚ-ның акционерлері: Ю.Им, Ю.Ли, С.Зеленков және В. Тян болды.

2005 жылғы қарашада В. Тян мен Ю. Ли өз акцияларын Э. Кимге сатты.

Кейінара Э. Ким қаржы полициясы органдарына «Трамвайный парк» АҚ-ның бұрынғы акционерлеріне қатысты арызданған.

2007 жылғы қаңтарда Э. Кимнің арызы бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша С. Зеленков пен Ю. Ли «Трамвайный парк» АҚ-ның қаражаттарын ұрлағаны және салық төлеуден жалтарғаны үшін сотталды (әрқайсысы 6 жылға бас бостандығынан айырылды). С. Зеленковтың акциялары келтірілген зиян есебіне Қоғамға берілді.

Э. Кимге акцияларын сатпаған «Трамвайный парк» АҚ-ның басқа акционері Ю. Им 2005 жылғы қазанда қайтыс болған, ал оның мұрагері Н. Им бір жарым жыл бойынша жоғарыда аталған қылмыстық іс бойынша қамауда болғандықтан мұрагерлік құқығына ие болмаған.

Мұрагер қамауда болған кезеңде 2006 жылғы 20 желтоқсанда Өскемен қалалық №2 сотының шешімімен О. Имнен (Ю. Имнің бауыры және акцияларды уақытша басқарушы) «Трамвайный парк» АҚ-ның пайдасына қайтыс болған Ю.Им келтірілген залал есебіне 4 866 440 теңге өндірілген.

2007 жылғы 30 қаңтарда сот актісі күшіне еніп, 2007 жылғы 14 ақпанда Ю. Имге тиесілі акциялар «Трамвайный парк» АҚ-ның пайдасына қайта тіркелген.

Аталған сот шешіміне қайтыс болған Ю. Имнің өкілдері бірнеше мәрте шағым келтірген.

2008 жылғы 27 шілдеде Жоғарғы Сот қадағалау алқасының қаулысымен 2006 жылғы 20 желтоқсандағы сот шешімі заңсыз деп танылған және бұзылған, іс жаңа соттық қарауға жолданған.

Алайда, аталған қаулы шығарылмай тұрып, 2007 жылғы 24 наурызда көрсетілген акциялар мен бұрынара С. Зеленковқа және «Трамвайный парк» АҚ-ның ұжымы меншігінде болған акциялар Э. Кимге сатылып, нәтижесінде ол кәсіпорынның жалғыз акционері болып қалған.

Бұл ретте, сот шешімдеріне шағым келтірілу және олардың нәтижелерінің қайта қаралуы мүмкін екенін түсіне отырып, 2007 жылғы 29 маусымда Э. Ким сыйлау келісім-шартын рәсімдеп, барлық акцияларды өзінің бауыры В. Кимге рәсімдеген.

Кейіннен болған сот қараулар кезеңінде В. Ким 2008 жылғы 16 қазанда Қоғам акцияларының 100 пайызын Т. Исмаиловқа сатқан.

2009 жылғы тамызға дейін Т. Исмаилов «Трамвайный парк» АҚ-ның А.Қапанов, В. Суков, В. Феклистов, Д. Токушева, М. Тұрсынбекова жеке кәсіпкерлері мен «Шахаман» ЖШС алдындағы міндеттемелерін өтеу есебіне оларға кәсіпорынның негізгі құралдарын берген.

2009 жылғы қазанда аталған тұлғалар «Тахами путь» ЖШС-ін құрып, оның жарғылық капиталына бұрынара «Трамвайный парк» АҚ меншігінде болған мүлік берілген.

Нәтижесінде «Трамвайный парк» АҚ іс жүзінде өз қызметін тоқтатып, 2010 жылғы 12 наурызда жойылған.

Қазіргі уақытта қаланың трамвай шаруашылығы «Тахами путь» ЖШС-нің меншігінде, ол жыл сайын 13 млн. жуық азаматтарды тасымалдайды (қаладағы бүкіл жолаушы тасымалдарының 40 пайызы).

2011 жылғы ақпанда Н. Им, С. Зеленков, Ю. Ли, Т. Зеленкова және басқалары Э. Кимге, В. Пискуновқа, Т. Исмаиловқа және басқаларға қатысты «Трамвайный парк» АҚ-н рейдерлік басып алу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы арызданған.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 177-бабы 3-бөлігі «б»-тармағымен («Ірі мөлшерде жасалған алаяқтық») қарастырылған қылмыс құрамы белгілерінің болуына көрсететін жеткілікті мәліметтердің бар екенін ескере отырып, 2011 жылғы 25 қазанда аталған арыз бойынша қаржы полициясы қылмыстық іс қозғады.

«Трамвайный парк» АҚ-ның активтерін заңсыз шығару дерегі бойынша 2012 жылғы 27 шілдеде қылмыстық қудалау органы Т. Исмаиловқа Қылмыстық кодекс 177-бабы 3-бөлігі «б»-тармағымен сырттай айып тақты, себебі оған 2011 жылғы сәуірден бастап халықаралық іздеу жарияланған (www.finpol.kz/rus/infi/wantedn//abc=11 қараңыз).

Қылмыстық істі тергеу аясында 2012 жылғы 6 ақпанда қылмыстық қудалау органының бастамашылық етуімен салық органы «Тахами путь» ЖШС-нің қызметінде кешенді салықтық тексеру тағайындады.

Бұл ретте салық органының ұйғарымымен келіспейтіні туралы «Тахами путь» ЖШС-нің шағымдары сот органдарымен қанағаттандырусыз қалдырылған.

Тексеріс барысында салық органы жекелеген мәмілелерде олардың мемлекет алдындағы міндеттемелерді орындаудан жалтару мақсатымен жасалу белгілерін байқады.

Салық органының өтініші бойынша, заңсыз әрекеттерді тыю, сондай-ақ, мемлекет мүдделерін қорғау мақсатында 2012 жылғы 21 қарашада облыс прокуроры Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына аталған мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы өтініш келтірген.

Ағымдағы жылғы 5 ақпанда прокурор өтініші толық көлемде қанағаттандырылды.

Көрсетілгендерді ескере отырып, Бас прокуратура Шығыс Қазақстан облысы құқық қорғау және салық органдарының әрекеттеріне шағымды қанағаттандыруға негіз көрмейді.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.