You are here

Шетелдік тәжірибені зерттеу шеңберінде Кореяға сапар туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ұлан Байжановтың Корея Республикасына сапары болды.

Сапар барысында Ұ.Байжанов Корея Республикасы Әділет министрлігінің институтында болып, онда Әділет вице-министрі - Институт директоры Ким Хикванмен және вице-президент - бас прокурор Ли Мёнг Джамен кездесу өткізді.

Институт прокуратура, сот органдары қызметкерлерінің, сондай-ақ түзету мекемелерінің және иммиграциялық қызметтің лауазымдық тұлғаларының кәсіптік құзіреттілігін нығайтуға бағытталған оқу бағдарламалары бойынша оқытады.

Сонымен қатар аталған мекемеде персоналды басқару сапасын арттыру мақсатында зерттеу жүргізілуде.

Қазақстандық делегация мүшелеріне техникалық жарақтындыру және оқытудың инновациялық тәсілдері, Корея Республикасы құқық қорғау органдары қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру формалары мен әдістері ұсынылды.

Әңгімелесу барысында тараптар ЖОО арасында үнемі ынтымақтастық орнатудағы өзара ниеттерін білдірді, атап айтқанда 2016-2017 жылдары білім және ғылыми іс-шараларын бірігіп өткізу жоспарлануда.

Бас прокуратура жанындағы

Құқық қорғау органдары академиясы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.