You are here

Шешендік өнер дағдыларын үйрету жөніндегі курстар туралы баспаcөз ақпараты (Астана қ., 2016 жылғы 12 желтоқсан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясында «Шешендік өнер дағдыларын үйрету» тақырыбындағы курстардың ашылуы өтті. Семинар Бас Прокурордың тапсырмасымен Бас прокуратура және аймақтық прокуратура органдарының қызметкерлері үшін ұйымдастырылды.

Академияның бірінші проректорының міндетін орындаушы Наиль Ахметзакиров іс-шараны аша отырып, тыңдаушыларды курстардың  ерекшеліктерімен таныстырып өтіп, қатысушыларға жұмыстарының белсенді әрі нәтижелі болуын тіледі.

Оқу бағдарламасында коммуникацияның заманауи технологияларын игеру, коммуникативті қабілеттерді дамыту қарастырылған. Сонымен қатар қатысушылар көпшілік алдында сөйлеу, қалыпты және қалыптан тыс жағдайларда жұмысты ұйымдастыру бойынша практикалық дағдыларды игеретін болады.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табыс етіледі.

Бас прокуратураның жанындағы

Құқық қорғау органдары академиясының

баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.