You are here

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 11-ші отырысы туралы баспасөз ақпараты (Бішкек қаласы)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 11-ші отырысына қатысты.

Форум жұмысына Қазақстан, Қытай, Қырғыз, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның жоғары қадағалау органдарының басшылары, сонымен қатар ШЫҰ Хатшылығының және Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының Атқару комитетінің өкілдері қатысты.

Отырыс барысында күн тәртібінің өзекті тақырыптары талқыланды. Атап айтқанда, шекаралас экономикалық қылмыстылыққа, соның ішінде қылмыстық жолмен келген кірісті жылыстату және ұйымдасқан трансұлттық қылмыстылыққа қарсы күресте құқықтық көмек көрсету мәселелері талқыланды.

Отырыс қорытындысымен Хаттама қабылданды, онда прокурорлар келешекте де іс жүзіндегі ынтымақтастықты нығайтуға, трансұлттық қылмыстылыққа қарсы күресте тиімді және үйлесімді саясатты жүргізуге дайын екендіктерін растады.

Өткен форум аясында Қазақстанның Бас Прокуроры Беларусь, Қырғыз, Тәжікстанның бас прокурорларымен, сонымен қатар Қытай, Ресей, Әзербайжан және Украинаның өкілдерімен екіжақты кездесулер өткізді. Кездесу барысында қылмыстылыққа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.