You are here

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жарияланған мораторий барысы туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мемлекет басшысының 2014 жылдың 2 сәуірінен бастап елімізде шағын және орта бизнесті тексеруге мараторий жариялау жөніндегі ағымдағы жылғы 27 ақпандағы Жарлығының орындалу барысын Бас прокуратура ерекше бақылауда ұстап отыр.

Бұл шараның басталуы барысында Бас прокуратура Жарлыққа жататын шағын және орта бизнес субъектілеріне бағытталған 10 мың тексерудің тоқтатылуын қамтамасыз етті.

Жалпы осы жылы 40 мыңнан астам кәсіпкер тексеруден босатылатын болады, мұның елімізде бизнестің дамуы жағдайын елеулі түрде жақсартатыны сөзсіз.

Заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету үшін Бас прокуратура қосымша шаралар қабылдап, орталық мемлкеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға Жарлықта атап көрсетілген тексеру тағайындау тәртібі туралы арнайы Нұсқау жіберді.

Сондай-ақ Бас Прокурор еліміздің конституциялық құрылымына, ұлттық қауіпсіздігіне, заңдылық пен қоғамдық тәртіпке тікелей қауіп төндіретін іс-әрекеттердің алдын алу және жою мақсатында жүргізілетін тексерулерді мақұлдау және тіркеудің ерекше тәртібін енгізді.

Орталық мемлкеттік органның басшысы тексеру тағайындау үшін оны айырықша жағдайда жүргізуге негіз болатын құқықтық акт енгізеді.

Оған бизнес субъектісінің іс-әрекеттері, бұрын жүргізілген тексерулер туралы мәліметтер бар құжаттар қоса тіркеледі. Сондай-ақ тексеруді кейінірек мерзімге қалдырмау қажеттігі туралы негіздеменің болуы да талап етіледі.

Осы кезеңде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторийдің жариялануы аясында Бас прокуратура 6 тексеруді мақұлдаса, оның 5-і қоғамдық тамақтандыру нысандарындағы адамдардың улануы оқиғаларына байланысты болып отыр. Мораторий күшіне енгеннен бері прокуратура органдары  кәсіпкерлердің өздерінің бастамашылығына және қаржы ұйымдарының тексерулеріне байланысты шағын және орта бизес субъектілерін 1 561 тексеруді тіркеді, шағын және орта бизнес субъектілеріне қатысты Президент Жарлығына сәйке келмейтін 16 тексеріс тоқтатылды. Олардың 6-ы ауыл шаруашылығы органдарына, екі-екіден төтенше жағдайлар мен тұтынушылар құқықтарын қорғау, қоршаған ортаны қорғау мен су ресурстары, бір бірден көліктік бақылау, жер ресурстары, атом энергетикасы, еңбек және әлеуметтік қорғау органдарына қатысты.

Мысалы, Жамбыл облысы әкімдігінің Еңбек инспекциясы басқармасы 2014 жылдың 26 мамырында мораторий кезіндегі талаптарды бұза отырып «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС-нің іс-әрекетіне оның орта кәсіпкерлік субъектісіне жататынына қарамастан жоспардан тыс тексеріс тағайындаған.

Прокуратура органдары бұл тексерісітің тағайындалу сатысында-ақ  оны тіркеуден бас тартты, сөйтіп кәсіпкерлік іс-әрекетке заңсыз араласудың жолы кесілді.

Дер кезінде қабылданған прокурорлық ықпал ету шараларының бұл инспекцияның лауазымды адамы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Дәл осындай заң бұзушылық фактісі ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының іс-әрекетінде де орын алды. Олар «Фармация» ЖШС-ге қатысты негізі жоқ жоспардан тыс тексеріс тағайындаған. Прокурорлық қадағалау актісін қараудың нәтижесінде мемлкеттік органның 4 адамы әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Заң бұзушылықтың барлық фактілері бойынша прокурорлық ықпал ету шаралары қабылданып, бақылау және қадағалау органдарының 15 қызметкері заңнамада қарастырылған жауапкершілікке тартылды.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.