You are here

Семинар-кеңес туралы баспасөз ақпараты (Астана қаласы, 13-14 қазан 2014 жыл)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

13  қазан күні Бас прокуратураның Институты ұйымдастырған Қылмыстық атқару кодексі және Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің жаңа модельіне көшу мәселелері бойынша семинар-кеңес өз жұмысын бастады.

Іс-шара Мемлекет басшысы бекіткен "Қылмыстық заңның және қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделіне, жетілдірілген әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаға және қылмыстық жазаларды атқару жүйесіне көшу жөніндегі бірыңғай мемлекеттік іс-қимыл жоспарын іске асыру шеңберінде өтеді.

Семинарға Парламент депутаттарының, Жоғарғы Сот, Әділет министрлігінің, Ішкі істер министрлігінің, прокуратура органдарының, басқа да құқық қорғау құрылымдарының өкілдері, ғалым-сарапшылар, құқықтанушылар қатысуда.

Семинардың басты мақсаты - жаңа құқықтық актілерді қабылдау кезінде пайда болатын проблемалы мәселелерді бірлесіп талқылау, әкімшілік және қылмыстық-атқару заңнамаларын реформалау жағдайында құқықтық жүйенің тиімді қызмет атқаруын қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар мен ұсыныстар әзірлеу. 

Семинар жұмысын Бас Прокурордың орынбасары Жақып Асанов ашты. Ол өткізілгелі отырған іс-шараның өзектілігін, қылмыстық және қылмыстық-іс жүргізу заңнамаларын реформалау жағдайында құқық қорғау қызметін жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.

Қазақстанның Бас прокуратурасы Институтының директоры С.П. Тұрсынбекова өткізіліп отырған семинардың жаңа Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі мен Қылмыстық атқару кодексін қолданысқа енгізу кезінде прокуратураның тиімді рөлін қамтамасыз ету үшін маңыздылығын атап өтті.

Семинарға қатысушыларға арнап сондай-ақ Әділет министрінің орынбасары Зәуреш Баймолдина сөз сөйледі.

Отырыс барысында әкімшілік және қылмыстық-атқару заңнамаларын жаңғыртудың маңызды бағыттары жан-жақты талқыланды.

Әзірлеудің алғышарттары және жаңа кодекстердің негізгі ережелері, сот рәсімдерінің инститтуттары, әкімшілік жаза тағудың өзекті аспектілері және олардың орындалуы, әкімшілік жауапкершілікке тарту тәртібі, пробациялық бақылау мәселелері бойынша қылмыстық атқару заңнамасының жаңалықтары талқыланды.

Атап айтқанда, сотталғанды қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларды орындау, кәмелетке толмаған сотталушылардың жазасын өтеуі, жазасын өтеуден босатылу, сондай-ақ сотталғандарды ресоциализациялаудың өзекті аспектілері мәселелері бойынша талқылау өткізілді. 

Талқылау барысында әкімшілік және қылмыстық-атқару заңнамаларын реформалау жағдайында құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру қажеттігіне басты назар аудара отырып, құқық қолдану практикасының проблемалы мәселелері бойынша сындарлы сұхбат өткізілді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.