You are here

Семинар-кеңес туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2014 жылдың 16-18 қыркүйегі)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

16-шы қыркүйекте Бас прокуратураның Институты ұйымдастырған  Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық атқару, Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстерінің жаңа моделіне көшу мәселелері жөніндегі семинар-кеңес өз жұмысын бастады.

Іс-шара қылмыстық сот ісін жүргізуді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы жетілдірілген заңнаманы және қылмыстық жазаны атқару жүйесін жаңа модельге көшіру жөніндегі Елбасы бекіткен Бірыңғай мемлекеттік іс-қимыл жоспарын іске асыру шеңберінде өткізілуде.

Семинар Парламент депутаттарының, Президент Әкімшілігінің, Жоғарғы Соттың, Ішкі істер министрлігі мен Әділет министрлігінің, прокуратура органдары өкілдерінің, ғалымдар мен құқықтанушылардың, сондай-ақ сарапшылардың қатысуымен өтуде.

Семинардың басты мақсаты – жаңа қылмыстық актілерді қолдану, құқықтық жүйенің жаңартылған жағдайда тиімді іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету бойынша шаралар мен ұсынымдарды пысықтаудың проблемалы мәселелерін бірлесіп талқылау болып табылады.

Семинарды кіріспе сөзбен Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель бастады. Ол өз сөзінде осы іс-шараның өзектілігін, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын реформалау кезінде құқық қорғау қызметін жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ Президент Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары Алексей Калайчиди, Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлік Кененбаев және Бас прокуратура Институтының директоры Салтанат Тұрсынбекова семинарға қатысушыларға арнап сөз сөйледі.

Отырыста қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және әкімшілік заңнаманың модернизациялануының маңызды бағыттары жан-жақты талқыланды.

Қылмыстық саясат дамуының әлеуметтік-тарихи алғышарттары мен үдерістері, жаңа қылмыстық-құқықтық институттарды құру мәселелері, сотқа дейінгі іс жүргізуді жеңілдету, қылмыстық іс жүргізу практикасына прогрессивті жаңартуларды енгізу мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, процессуалдық прокурор, тергеу судьясы институттарын енгізу, қылмыстық жаза жүйесін қайта қарау мәселелері бойынша талқылаулар өткізілді.

Қатысушылар атап өткендей, заңнамалық жаңартулар адамның құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекет мүддесін қоғамға қауіпті салдарлардан қорғаудың сапалы және жаңа деңгейін қамтамасыз етуге, қылмыстық процесті айтарлықтай жеңілдетіп, жеделдету, ұлттық заңнаманы жалпыға бірдей халықаралық стандарттарға барынша жақындатуға арналған.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.