You are here

Саяжай учаскелерінің жекелеген меншік иелері өтініштерін қарау нәтижелері туралы баспасөз ақпараты

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратура Елорданың бірқатар тұрғындарының Астана қаласы әкімдігі лауазымды тұлғаларының мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қоюға байланысты әрекеттеріне берген шағымдары қаралды.

Соңғы 4 жылда Астана қаласында 2000-нан астам жер учаскесі алынды, олардың шамамен 98% меншік иелерінен сатып алынды, қалған 2% соларға тең келетін жер учаскелерін беру жолымен алып қойылды.

Алынған мүліктердің негізгі үлесін меншік иелері көп жағдайда тұрақты тұру үшін пайдаланатын саяжай учаскелері құрайды.

Жүргізілген тексерулер саяжай учаскелерін алып қоюдың заңнама талаптарына қайшы келмейтінін көрсетті, Астана қаласы әкімдігінің әрекеттері коммерциялық мақсаттарды қудалаумен және мемлекеттік емес мүдделерді қанағаттандырумен ұштаспаған (жер учаскелері мемлекеттік және өңірлік бағдарламалармен көзделген мемлекеттік маңызы бар жол, басқа да объектілер құрылысын салу үшін алып қойылған).

Саяжай учаскелерінің меншік иелері ұсынылған өтемақыны жеткіліксіз деп есептеп, оны 26 млн. теңгеге дейін арттыру немесе 2, 3 бөлмелі пәтерлер беру туралы талап қойған.

Алайда, осы саяжай учаскелері олармен 440 мың теңгеден 1,6 млн. теңгеге дейінгі бағаға сатып алынған.

Елорда әкімдігі өтемақы мөлшері туралы келісімге қол жеткізе алмауына байланысты жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы талап-арыздармен сотқа жүгінген.

Заңды күшіне енген сот шешімдерімен Астана қаласы әкімдігінің талап-арыздары қанағаттандырылды, саяжай учаскелерінің меншік иелеріне үш миллион үш жүз мыңнан алты миллион жеті жүз мың теңгеге дейін ақшалай өтемақы төлей отырып, мемлекет мұқтажы жер учаскелерін иеліктен шығару жүргізілсін деп қаулы етілді.

Сәйкесінше сотпен аталған азаматтардың экономикалық мүдделері ескерілген, себебі алынған саяжай учаскелеріне олардың салған қаражаттарынан үш еседен аса өтемақы төленген.

Азаматтық істерді зерделеген кезде материалдық және іс жүргізушілік құқық нормаларының елеулі бұзушылықтары анықталмады, осыған байланысты саяжай учаскелерінің жекелеген меншік иелерінің мүдделеріне прокурорлық ықпал ету шараларын қабылдау үшін құқықтық мүмкіндік жоқ.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.