Сараптамалық кездесу туралы БАҚ үшін аңдатпа

16 қараша 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

17 қараша күні сағат 15.00-де «Қосшыдағы пікір алмасу - Дискуссии в Косшы» атты Криминологиялық форумның кезекті отырысы аясында «Неге куә болғылары келмейді?» және «Жәбірленуші: оның құқықтары сенімді қорғалды ма?» тақырыбында сараптамалық кездесу өтеді.

Іс-шараға Бас прокуратура және Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы «Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» атты Еуропалық Одақ жобасының қолдауымен бастамашылық жасап отыр.

Отырысқа халықаралық сарапшылар, ғалымдар, прокурорлар және адвокаттар қатысады.

Қатысуға ниет білдіруші журналистерді 16 қараша күнгі сағат 16.00-ге дейін 7172049@prokuror.kz электрондық мекен-жайы немесе 71-27-37 телефоны арқылы тіркеуден өтуді сұраймыз.

Рұқсаттамалық өткізу рәсімін ескере отырып, журналистердің алдын-ала, яғни, 17 қараша күні сағат 14:30-дан кешікпей келулерін қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.

Өткізілетін орны: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 14, Бас прокуратура ғимараты, Мәжіліс залы.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Байланыс телефоны: 71-27-37

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу