You are here

Салық органының кәсіпкерге қажетті құжаттарын беруден бас тартқаны заңсыз деп танылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы прокуратурасының сенім телефонына «Аюдинское взморье» ЖШС-не салық берешектері,  міндетті зейнетақылық жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша салық берешектерінің жоқ екендігі туралы аудандық Салық  басқармасының анықтама беруден бас тартуы туралы хабарлама түсті.

Тексеру көрсеткендей, кәсіпкерге қажетті құжаттарды беруден бас тарту негізі 2014 жылдың 1 тоқсанына «Аюдинское взморье» ЖШС-нің оңайлатылған салық декларациясын бермеуі болып табылған.

Осымен қатар, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің нормаларына сәйкес,  оңайлатылған салық декларациясы салық органына салық төлеушінің орналасқан жері бойынша жартыжылдықтар бойынша, есептік мерзімнен кейінгі айдан соң, яғни, сәйкесінше 15 шілде мен 15 қаңтарда тапсырады.

Сөйтіп, «Аюдинское взморье» ЖШС-нің арыздану уақытында, яғни, 2014 жылдың 30 маусымында Ұлан ауданы бойынша салық басқармасы жоғарыда аталған анықтамаларды беруден  заңсыз бас тартқан. Анықтамалар кейіннен мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысу үшін қажет болған.

Ұлан ауданы прокуратурасының араласуынан кейін салық  басқармасының заңсыз шешімі бұзылды. «Аюдинское взморье» ЖШС-не салық берешектері, міндетті зейнетақылық жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша салық берешектерінің жоқ екендігі туралы тиісті анықтамалар берілді.

Аудан прокуратурасының  ұсынысымен заң бұзушылықтарына жол бергені үшін салық органының бас маманы тәртіптік жазаға тартылды.

Кәсіпкерлік субъектінің құқықтары қорғалды.  

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.