You are here

«Рухани жаңғыру – патриотизм негізі» атты ведомствоаралық республикалық байқауы бойынша брифинг өтті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

23 қараша, Астана қ. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Бас прокуратурасының бастамасымен және Президент Әкімшілігінің,  Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің қолдауымен өтетін «Рухани жаңғыру – патриотизм негізі» атты  ведомствоаралық байқауы жайлы брифинг өтті.

Онда Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының насихаттаудағы шаралар қатары, оның ішінде «Рухани жаңғыру – патриотизм негізі» атты  ведомствоаралық байқауы сөз болды.

Аталмыш байқауға – Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Мемлекеттік күзет қызметі өкілдерінен құрылған 6 команда  қатысатынын атап өткен жөн.

Осы орайда брифинг жұмысына аталған органдардың өкілдері, атап айтқанда, ҚР Бас Прокурорының кеңесшісі – аға көмекші Нұргүл Қарағойшина, ҚР Қарулы күштері Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы Қайсар Мұғалов, ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және  ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Әкімшілік құқық департаментінің басқарма бастығы Қуаныш Мырзағали қатысты. 

Брифингті Бас Прокурордың кеңесшісі Н. Қарағойшина алғы сөзді бастай отырып, жалпы байқаудың өткізілу тәртібіне жан-жақты тоқталды. Өз сөзінде Қарағойшина байқауға қатысатын командалар 2 айналым бойынша сайысқа түсетінін атап өтті. Оның біріншісі - мемлекеттік органның қызметі және рухани жаңғыру аясындағы атқарылып жатқан нақты істерге негізделген таныстыру мен  бейнебаян сынды екі бөлімнен тұрса, ал екіншісі «Рухани жаңғыру – патриотизм негізі» атты сахналандырылған көріністен тұратынын айтты.

«Аталған байқау Елбасының мемлекеттік тілдің рөлін арттыру, дамыту, қызметкерлердің күнделікті өмірде және қызметте қазақ тілін белсенді қолдануы үшін уәждемелеуді күшейтуге қажетті жағдай жасау саясатын іске асыру мақсатында ұйымдастырылды», - деді Н.Қарағойшина.

Ішкі істер министрлігінің өкілі Алмас Садубаев өз сөзінде полиция қызметкерлерінің бойындағы рухани-адамгершілік құндылықтарын, патриоттық сезімін, азаматтық жауапкершілігін арттыруға, мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған жыл сайын өткізілетін «Парасатты полицей» республикалық байқауы, «Қазіргі заман қаһарманы» акциясын, олардың маңыздылығын атап өтті.  

Сонымен қатар баяндама жасаған әрбір спикер Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру бойынша өз мекемелерінде атқарылып жатқан жұмыстарға, жалпы құзыреттілік шеңберінде мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған шараларға, айтулы байқауға дайындықтарына тоқталды.

Брифингті қорытындылай келе, додалы байқауда бақ сынасатын командаларға сәттілік тіледі.

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
рress@prokuror.kz
712766
712819

 

«Рухани жаңғыру – патриотизм  негізі» атты  ведомствоаралық республикалық байқауы бойынша брифинг өтті - 981266270

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.