You are here

«Ресоциализация: Сен қоғамға керексің! Ты нужен обществу! Sосіeтy needs you!» III Форумы туралы БАҚ үшін аңдатпа

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2015 жылғы 11 желтоқсанда Бас прокуратурада «Түрме реформасына» арналған ІIІ Форум өтеді.

 «Ресоциализация: Сен қоғамға керексің! Ты нужен обществу! Sосіeтy needs you!» атты жобаның бастауына арналатын бұл Форум бұрын сотталған адамдарды заңға бағынушы азаматтар ретінде қоғамға реинтеграциялауға бағытталған.

Форумды бірігіп ұйымдастырушылар – Парламент Мәжілісінің Сот-құқықтық реформа және заңнама комитеті, Жоғарғы Сот, Ішкі істер министрлігі, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Құқықтық кеңес, ЕЫҚҰ-ның Астанадағы Кеңсесі және Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы.

Осыған дейін Бас прокуратураның бастамасымен «түрме реформалары» мәселелері бойынша екі форум өткізілген болатын. Онда көтерілген жобалардың іске асуы соңғы үш жылдың ішінде еліміздің «түрмедегі адамдар саны» бойынша халықаралық рейтингіндегі 35-ші орыннан 55-ші орынға дейін жоғарылауына мүмкіндік берді. 

Ұйымдастырылып отырған бұл форум бұдан бұрын өткен жиындар сияқты Мемлекет басшысының пенитенциарлық жүйені реформалау аясындағы тапсырмаларын іске асыруға арналған және бұрын сотталған адамдарды қайта әлеуметтендіру жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Осы іс-шара туралы  жариялау үшін БАҚ өкілдерін шақырамыз.

Тіркеу мына электрондық байланыс арқылы жүргізіледі: 7172766@prokuror.kz.

Өткізілетін орны: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 14, Бас прокуратураның ғимараты.

Басталуы: сағат 10:00.

Рұқсаттамалық өткізу рәсімін ескере отырып, БАҚ өкілдерінің алдын-ала, яғни, сағат 09:30-дан кешікпей келулерін қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.