You are here

Ресей Федерациясының Бас прокуратурасында көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстел болып өтті

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мәскеу қаласында «Әуе, темір жол және су көліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы болып өтті. Оның жұмысына ресейлік және қазақстандық көлік прокуратураларының, Ресей Федерациясының көлік саласындағы атқарушы биліктің федералдық органдарының басшылары, Мемлекетаралық авиациялық комитеттің, «Ресей теміржолдары» ААҚ басшылары қатысты. Қазақстандық тараптан Бас көлік прокуроры Ы.Тілеуғалеев қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заң бұзушықтардың алдын алу және апаттық жағдайларды төмендетудегі прокурорлық қадағалаудың өзекті мәселелерін талқылады.

Мәжілісте Ресей және Қазақстан прокуратуралары бірлескен жұмысқа көлік саласындағы федералдық органдардың және Мемлекетаралық авиациялық комитеттің мамандарын кеңінен тарту арқылы өзара ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру туралы шешім қабылдады.

Бас көлік прокуратурасының

баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.