«RBK Bank» АҚ бұрынғы басқарушы директоры қамауға алынды

25 қазан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2018 жылғы 25 қазанда Бас прокуратура соттың санкциясымен «RBK Bank» АҚ бұрынғы басқарушы директоры Асылбек Игильманды қамауға алды.

Оған «RBK Bank» АҚ директорлар кеңесі төрағасының бұрынғы кеңесшісі Жомарт Ертаевпен сөз байласып, 850 млн. теңге мөлшерінде заңсыз несие ресімдеу арқылы банк  қаражатын ұрлағаны үшін күдік келтірілді.

Игильманға депозит шотына 15 мың теңгені кепіл ретінде қойып, жоғарыда аталған соманы 2013 жылы алудың сәті түскен.

Ұрланған қаражат бонустар түрінде топ-менеджмент пен банк қызметкерлері арасында бөлінген.

Игильман өзінің үлесіне Алматы қаласының танымал ауданында құны 288 млн. теңгеге үй тұрғызған.

Қазіргі уақытта осы үйге тыйым салынды.

Бұған дейін Бас прокуратура банктің 4 топ-менеджері  Данияр Туғанбай, Данияр Едигенев, Руслан Батурбаев және Бахыт Ибрагимді қамауға алған еді. Барлығы кінәларын мойындап, залалдың өтелуіне атсалысауда.

 

 

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу