You are here

Рақымшылық жасау туралы заң жобасының таныстырылымы туралы баспасөз баяны

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурор Жақып Асанов Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында сөз сөйлеп, онда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын ұсынды.

Егемен Қазақстан тарихында алғаш рет Мемлекет басшысының өзі рақымшылық жасауға бастамашылық етті.

Заң жобасын таныстырған Бас Прокурор егер алдыңғы сегіз рақымшылық негізінен түрме тұрғындарын азайтуды көздеген болса, бұл актінің басты мақсаты – заңды аттаған азаматтарға адамгершілік, рақымшылық таныту, сенім білдіру екендігін атап өтті.

25 жыл ішінде Қазақстанда сотталғандар саны 3 есеге, 105 мыңнан 36 мыңға дейін азайған. Соңғы 4 жылда бір де бір рақымшылықсыз түрме тұрғындары 30%-ға азайған.

Сондықтан бұл рақымшылықтың мақсаты, бір жағынан, Мемлекет басшысының ізгілік идеясын көрсету, екінші жағынан, мерейтойлық датаның маңыздылығы.

Бас Прокурордың айтуынша, заң жобасы негізінен азаматтардың әлеуметтік әлсіз санаттарын – кәмелетке толмағандарды, жүкті әйелдерді, кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерді, қарт адамдарды, мүгедектерді, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар жасаған адамдарды қылмыстық жазадан босатуды көздейді. Сондай-ақ ол ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға қолданылатын болады. Қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар бойынша барлық қылмыстық істер және соттар қарамаған істер бойынша іс жүргізуді тоқтату көзделген.

Рақымшылық шектеулі шектерде, дифференциялы түрде және тек сотталғандар қылмыспен келтірілген зиянды толық өтеу шартымен ғана қолданылатын болады және 4 топқа таратылады.

«Бірінші. Түрмелерден шығатын адамдар. Олардың саны -1 500. Олар онша ауыр емес қылмыстар үшін сотталған. Бірақ олардың 80%-ы толық бостандық алмайды. Оларға бас бостандығынан ауырумен байланысты емес басқа жаза береді және олар пробация қызметтерінің ұдайы бақылауына қойылады. Қалғандарына не егер зиянды өтесе мерзімдерін қысқартады, не егер олар ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатуға келісім берсе, істі тоқтатады.

Екінші топ. 11 мың. Оларды бостандығын шектеуден, шартты мерзімнен, түзеу жұмыстарынан, яғни іс жүзінде үйінде тұрып өтейтін жазаларынан босатамыз.

Үшінші топ. Бұл ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін сотталғандар. Оларға бір жол ғана ұсынамыз – өтелмеген мерзімін қысқарту. Не жартысына, не төрттен біріне  немесе 1/5 бөлігіне.

Мысалы, 10 жыл берілсе. 2 жыл түрмеде отыр, 8 жылы қалды делік. Зиянды өтеген. Төрттен бір бөлігі – бұл 2 жыл. Яғни оған 8 жылдың орнына 6 жыл отыру қалады.

Тағы бір топ бар. Бұл тергеуде жүргендер немесе істері сотта тұрғандар. Олар қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес қылмыс жасаған жағдайда ғана рақымшылыққа ілігеді. Бұған ауырлығы орташа қылмыс жасаған, бірақ әлеуметтік әлсіз санатқа жататын адамдар да кіреді. Олардың жалпы саны – 2 300», - деді сөйлеген сөзінде Жақып Асанов.

Сонымен қатар, Бас Прокурор ізгілік актісінің қоғамның қауіпсіздігі мен криминогендік ахуалға әсер етпейтіндігін атап өтті, себебі жазадан босату тек онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдарға қатысты  қолданылатын болады.

Қадағалау ведомствосының басшысы заң жобасының рақымшылық актісінің қолданысына ілікпейтін адамдар шоғырын белгілейтіндігіне баса назар аударды. Бұл аса қауіпті қылмыстар жасаған адамдар: адам өлтіру, азаптау, террористік, экстремистік сипаттағы қылмыстар, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар, есірткі қылмыстары, қылмыстық топ құрамындағы қылмыстар, өмір бойы бас бостандығынан айыру тағайындалған қылмыстар.  Бұл акті өлім жазасы кешірім беру тәртібінде бас бостандығынан айыруға ауыстырылған, бұрын рақымшылық етілген немесе кешірім берілген және қайтадан қасақана қылмыстар жасаған адамдарға қолданылмайды.

«Бұл рақымшылықтың идеясы – қылмыстан босату ғана емес, сонымен қатар рецидивтік қылмыстылыққа жол бермеу. Ол үшін сотталғандарға әлеуметтік қолдау көрсетілетін болады», - деп сөзін түйіндеді Бас Прокурор.

Талқылау қорытындылары бойынша, Парламент Мәжілісі заң жобасын мақұлдады және жоғарғы палата - Сенатқа қарауға берді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.