Радислав Гандапас прокуратурада тренинг өткізді

08 сәуiр 2017 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF
Радислав Гандапас прокуратурада тренинг өткізді   - 1018999581

Көшбасшылық, шешендік өнер және өзін-өзі дамыту бойынша белгілі ресейлік маман Радислав Гандапас бүгін Бас прокуратурада «Қазіргі замандағы ұйымның көшбасшысы» тақырыбында тренинг өткізді.

Ол тыңдаушыларға өздерінің кәсіби таланттарын және көшбасшылық қасиеттерін ашуға, өзін-өзі дамытудың перспективаларын көруге, тиімді менеджер және басқарушы болуға үйретуге, өз бағыныштыларын жетістікке жетуге және қойылған мақсаттарына қол жеткізуге ынталандыруға қатысты ойларын жеткізуге тырысты.

Қатысушылардың пікірі бойынша тренинг өте пайдалы және тиімді болды. Прокурорлар өздерін дамытуға және кәсіби қызметтерінде әрқайсысы үшін қажет кеңестер мен ұсыныстарды көзбе-көз тыңдауға қайталанбас мүмкіндік алды.

Бұл іс-шаранының өзектілігі «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және адам капиталының сапасын жақсарту негізінде еліміздің одан әрі жемісті дамуына бағытталған маңызды тармағының мақсаттарымен тұтастай сәйкес келеді.

Өткізілген тренинг прокуратураның сапалы түрде жаңаруы, талантты әрі прогрессивті ойлайтын қызметкерлерді және тиімді басшыларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді жүзеге асыруға көмектесетін болады.

 

Бас прокуратураның жанындағы

Құқық қорғау органдары академиясының

баспасөз қызметі

Радислав Гандапас прокуратурада тренинг өткізді   - 516327994
Радислав Гандапас прокуратурада тренинг өткізді   - 821495409
Радислав Гандапас прокуратурада тренинг өткізді   - 2106189091
Радислав Гандапас прокуратурада тренинг өткізді   - 2004888515

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу