Прокурорлар жұмыспен қамту бағдаламасының іске асырылуын тексерді

15 тамыз 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бас прокуратура 2016-2018 жылдардағы жұмыспен қамту бағдарламасының орындалу нәтижесіне тексеру жүргізді.

Оның барысында 10,5 млрд. теңгені тиімсіз пайдалану, 1 млрд. жуық қаржыны жымқыру және 553 млн. теңге көлеміндегі несилерді мақсатсыз пайдалану анықталды.

81 мың жұмыссыз оқытылып, олардың 28% немесе 23 мыңы ғана игерген мамандық бойынша жұмысқа орналастырылған.

Мәселен, Алматы облысының Балқаш ауданында бюджеттің 45 млн. теңгесіне 250 адам талап етілмеген мамандықтар бойынша оқытылған. Нәтижесінде тек 3-уі жұмыс тауыпты.

1,8 млрд. теңге көлеміндегі 930 несие негізсіз беріліп, мақсатсыз пайдаланылған.

Несилер өндірісті кеңейту мен жаңа жұмыс орындарын құруға бизнес субъектілеріне арналған болатын.

Мемлекеттен алынған қарыздар басқа несилерді жабуға, жылжымайтын мүлікті және автокөлікті сатып алуға  жұмсалған.

1,3 млрд. теңгеге 750 бюджеттік несие Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында тіркелмеген кәсіпкерлерге және салықтық бережағы бар адамдарға берілген.

Несиені алғаннан кейін шамамен 300 кәсіпкер бірден өздерінің қызметін тоқтатқан.

Нәтижесінде 2,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру жоспары іске асырылмады.

Бұдан бөлек, азаматтардың жалған жұмысқа орналастырудың 766 фактісі анықталды.

Жұмыс орындарымен мүгедектер, басқа ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ мерт болғандар «қамтамасыз» етіліп келген.

Осындай жолмен Түркістан облысында қылмыстық топ 464 млн. теңге бюджет қаражатын жымқырған.

Оның құрамына Жұмыспен қамту орталығының басшылары және Шымкенттің Еңбекші ауданының жергілікті полицияның бастығы кірген.

Республика бойынша жалған жұмысқа орналастырумен айналысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке 120 жұмыс беруші тартылуда.

Бүгінде Өскемен қаласының, ШҚО Абай ауданының, Жамбыл облысының Жуалы ауданының, Балқаш қаласының жұмыспен қамту орталықтарының басшылары, сондай-ақ Жезқазған, Шымкент және Қызылорда орталықтарының қызметкерлері сотталды.

Тексеру нәтижесінде жалпы сомасы 1 млрд. теңгені жымқыру фактісі бойынша 195 қылмыстық іс қозғалды.

Бас Прокурор заңдылық бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және жауапты тұлғаларды жазалау мақсатында Премьер-Министрдің атына ұсыну енгізді.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу