Прокурорлар қауымдастығының 2-ші Жаһандық форумы және Халықаралық прокурорлар қауымдастығының 15-ші Еуропалық өңірлік конференциясына қатысу туралы

03 маусым 2016 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель 31 мамыр мен 3 маусым аралығында Португалия астанасында өткен  Прокурорлар қауымдастығының 2-ші Жаһандық форумы және Халықаралық прокурорлар қауымдастығының 15-ші Еуропалық өңірлік конференциясының жұмысына қатысты.

Аталмыш іс-шараларға Еуропа, Латын Америкасы елдері және АҚШ тәрізді 34 елдің жоғары қадағалау органдарының басшылары, прокурорлардың халықаралық және өңірлік ұйымдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінің негізгі тақырыптары халықаралық лаңкестік тұрғысындағы адам саудасы, көші-қон, ақшаның жылыстауы, прокурорлық қызметтің қаржылық дербестігі, тәуелсіздігі және оны қамтамасыз етудегі қауымдастықтар рөлімен байланысты мәселелер болды.

Форумға қатысушылар трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен күресте және оның алдын-алу үшін жаңа тәсілдер дайындауда  прокурорлық қауымдастықтар арасындағы өзара ықпалдастықты нығайтуға ниет білдірді.

Конференция аясында И.Меркельдің Халықаралық прокурорлар қауымдастығының басшылығымен, Албания, Кипр, Босния мен Герцеговинаның бас прокурорларымен келіссөздері болды.

Сонымен қатар Португалия және Мальдивия Бас прокурорларымен кездесулері өткізіліп, сұхбаттасушылар қылмыспен күресу, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі сындарлы ынтымақтастықты нығайту, шарттық-құқықтық негізді кеңейту және өзара ықпалдастықты тереңдету мәселелері бойынша пікір алмасты.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының

баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу