You are here

Прокурорлар азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауда

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Прокуратура органдары барлық меншік нысандарындағы кәсіпорын  қызметкерлеріне еңбекақының уақтылы берілуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін жүргізуде. Бұл бағытта уәкілетті мемлекеттік органдармен, жұмыс берушілер қауымдастығымен және кәсіподақтармен өзара іс-әрекет жасау жүйесі орнатылған.

Еңбек ақысы бойынша мерзімі өткен қарыздарды жабу мақсатында тұрақты мониторинг жүргізілуде.

Жыл басынан бері қадағалау актілерімен 2 млрд. теңге көлеміндегі 30 мыңға жуық азаматтың еңбек ақысы бойынша қарыздарды өтеу қамтамасыз етілген.

Мысалы, осы жылдың сәуір айында Ақтөбе облыстық прокуратурасының қолданған шаралары  нәтижесінде «ОйлТехноГрупп» ЖШС, «ЛАД» ЖШС және «Акколь» ЖШС қызметкерлерінің алдында жалпы соммасы 28,2 млн. теңгені құрайтын қарыздың өтелуі қамтамасыз етілді.

Ақмола облысының прокуратурасы құзіретті органдармен бірлесе отырып «Жеке батыр» ЖШС-нің 15 қызметкеріне 148,7 млн.теңге көлемінде қарызды өтеу жөніндегі шараларды қабылдады.

Азаматтардың еңбек құқықтарының бұзылуына айыпты тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөніндегі мәселелер прокурорлардың ерекше бақылауында.

Жыл басынан бері прокурорлық қадағалау актілері бойынша 245 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.