You are here

Прокурордың наразылығы қанағаттандырылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Көлік прокуратурасы органдары Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың 2014 - 2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыруда бірқатар жұмыстар атқаруда, мұнда Мемлекет басшысы энергетикалық қауіпсіздікті ХХI ғасырдың қауіп-қатерлерінің біріне жатқызған.

Аталған мәселенің басымдылығын ескере отырып, көлік прокуратурасы органдары мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымының жолын кесуге, соның ішінде сот үкімдерінің әділдігін тұрақты түрде тексеруде.

Қандыағаш көлік прокуратурасының наразылығымен Ақтөбе облыстық сотының апелляциялық сатысы Мұғалжар аудандық №2 сотының  айыпталушының әрекетін негізсіз  қайта саралаған үкімін өзгертті.

2014 жылдың сәуір айында прокуратура ірі мөлшердегі жалпы салмағы 111 мың 689 кг. құрайтын мұнай өнімдерінің шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз бірнеше рет тасымалдағаны, өткізу дерегі бойынша, яғни, ҚР Қылмыстық Кодексінің 183-1- бабының 2-бөлігінің «а» тармағымен айыпталған М.Б.Такиловқа қатысты қылмыстық іс сотқа жолданған.

А.ж. мамыр айында бірінші сатыдағы сот тағылған «бірнеше рет» дәрежесін алып тастап, М.Б.Такиловтың әрекетін ҚК-тің 183-1- бабының 2-бөлігінен 1-бөлігіне қайта саралап, оны 3 жылға бас бостандығынан айыруға, ҚК-нің 63-бабын қолдана отырып 3 жылға шартты түрде сынақ мерзімін белгілеуге үкім шығарылған. 

Аталған соттың шешімімен прокуратура келіспей, қылмыстық заңнаманы дұрыс қолданбау бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімінің күшін жойып, М.Такиловтың қылмыстық әрекетін ҚК-тің 183-1-бабының 2-бөлігінің «а» тармағына қайта саралауға және аталған баптың мөлшерінде жаза тағайындауға наразылық енгізді.

Ақтөбе облыстық сотының апелляциялық алқасы М.Такиловтың әрекетін ҚК-тің 183-1-бабының 1-бөлігінен 183-1 бабының 2-бөлігінің «а» тармағына қайта саралау туралы наразылықты қанағаттандырып, қылмыстың құралы болып табылатын мүлкін тәркілеп, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, 3 жыл мерзімге шартты түрде соттаған.

Қазіргі уақытта үкім заңды күшіне енді. 

Қандыағаш көлік прокуратурасы

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.