You are here

Прокуратураның ұсынысы бойынша алимент төлемегені үшін борышкерлердің жүргізушілік құқықтарының әрекет етуі тоқтатылды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Шыңғырлау ауданы прокуратурасымен алименттерді өндіріп алу туралы сот актілерінің орындалуы кезінде заңдылықтың сақталуына БҚО Сот актілерін орындау департаментінің аумақтық учаскесінде тексеру жүргізу барысында берешектері бар борышкерлерге заңнамамен қарастырылған барлық шаралардың алынбағандығы анықталды.

ҚР «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 34-бабы 1-тармағының 3-тармақшасына сәйкес (бұдан әрі- Заң)  борышкер алиментттерді өндіріп алу туралы атқарушылық құжатты дәлелсіз себептермен орындамаса, сот орындаушысы берешек жиналып қалған жағдайда борышкерге лицензиялар, рұқсаттар және арнайы құқықтар беруге уақытша тыйым салу туралы, сондай-ақ борышкерге бұрын берілген лицензиялардың, рұқсаттар мен арнайы құқықтардың қолданылуын тоқтата тұру туралы сотқа ұсыныс жібереді. Сот ұсынысты Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды. Сот орындаушысының ұсынысын қарау нәтижелері бойынша шығарылған сот ұйғарымының көшірмелері борышкерге және орындау үшін тиісті уәкілетті органдарға жіберіледі.

Аудан прокуратурасының ұсынысын қарау нәтижелері бойынша сот орындаушысымен жүргізушілік куәліктері бар 11 борышкерге қатысты берешекті толық өтегенге дейін  олардың әрекет етуін тоқтату шаралары алынды.

Қазіргі таңда аудандық сотпен сот орындаушысының борышкерлердің жүргізушілік құқықтарының әрекет етуін тоқтату туралы ұсынысы толықтай қанағаттандырылды.

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.