You are here

Прокуратураның наразылығы бойынша сот актілері қайта қаралды

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Астана қаласының прокуратурасы «Астана-Коктем С» ЖШС мен «Астана қаласының Құрылыс басқармасы» ММ арасындағы дау бойынша 2014 жылғы 30 қазандағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың шешімін заңға сәйкес келтірді.

Сот заң талаптарын бұза отырып, жобалық-сметалық құжаттарға және мемлекеттік сатып алулар туралы шартқа енбеген 155 205 968 теңге сомасын құрайтын объектінің құрылысы бойынша орындалған қосымша жұмыстардың актісін жарамды деп таныған.

Прокурордың наразылығы бойынша апелляциялық сот сатысы «Астана-Коктем С» ЖШС шағымын қанағаттандырудан бас тартқан.

Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде 155 205 968 теңге сомасына мемлекеттің мүддесі қорғалды.

Сондай-ақ елордалық прокуратураның кассациялық шағымы бойынша «Мұрат-Иртышск» ЖШС-ның жер телімін жалға алу мерзімін ұзартудан бас тарту туралы әкімдіктің қаулысын заңсыз деп таныған Астана қ. мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2014 жылғы 19 мамырдағы шешімі өзгертілді.

Бірақ бірінші сатыдағы сот серіктестіктің жерді жалға алу шартын бұзғанын және ұзақ уақыт бойына оны пайдалану мен игеру бойынша шаралар қабылдамағанын ескермеген.

Сот алқасы прокуратураның дәйектерімен келісе отырып,  «Мұрат-Иртышск» ЖШС-ның арызын қанағаттандырудан бас тарту туралы қаулы шығарды.

Осылайша, жер дауы мемлекеттің мүддесіне шешілді.

Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.