You are here

«Прокуратураға – үздік кадрлар!» дөңгелек үстел жұмысы туралы

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін, 2016 жылғы 30 маусымда Назарбаев Университеті аумағында Бас прокуратураның ұйымдастыруымен және Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебі, сонымен қатар «Deloitte» және «PricewaterhouseCoopers» компанияларының қолдауымен  «Прокуратураға – үздік кадрлар!» тақырыбында дөңелек үстел өтті.

Бас Прокурор өз сөзінде прокуратура қызметіне кандидаттарды іріктеудің жаңа әдістерін таныстырды.

Жақып Асанов атап өткендей, прокуратура заңдылықты нығайту жөніндегі жұмыстардың сәтті жүруін қамтамасыз етуге және азаматтардың сенімін оятуға қабілетті, сауатты әрі білікті мамандарға мұқтаж болып отыр.

Ж. Асанов іріктеу жұмысының жетілмегенін және қызметке қабылдау кезіндегі субъективтілікті прокуратура органдарын кадрлық қамтамасыз етудің осал тұстары ретінде атап өтті. Бүгінгі қолданыстағы рәсімдер кандидаттың жеке және кәсіби қасиеттерін бағалауға мүмкіндік бермейді. Ол үшін нақты критерийлер мен тетіктер жоқ. Іріктеу кезінде адами факторлар әлі де көп, деді ол.

Осының негізінде жаңашылдықтар кадрларды іріктеу процесіне үздік HR-технологияларды енгізуге бағытталып отыр.

Жеке және кәсіби қабілеттерді жан-жақты зерттеу үшін кандидат төрт тапсырманы орындауға міндетті болады – өзінің өмірлік тәжірибесін сипаттау, эссе жазу, кейстік тапсырмалар шешу, сонымен қатар психологиялық зерттеуден өту. Әр тапсырманың орындалуының нақты мақсаты бар және олар кандидаттың шынайы әлеуетін бағалауға мүмкіндік береді.

Өмірлік тәжірибе. Бұл жерде кандидат өзін, өзінің тәжірибесі мен дағдыларын, жетістіктерін нақты және айқын сипаттауы қажет. Осы орайда оның нақты әуелетін, өмірлік ұстанымын, әлеуметік белсенділігін, приниптерінің тұрақтылығын, адалдығын, борыштылық сезмін, отансүйгіштігін байқау маңызды. Және де ең бастысы, оның не себепті прокуратураға барғысы келетіндігі.   

Мысалы, патриотизм туралы айтқанда, әдетте абстрактілі сезім туралы ойлаймыз. Дегенмен, оны өлшеуге мүмкіндік бар. Тұлғаны студенттік шағынан бастап зерттей отырып, оның қаншалықты заңға бағынып жүргенін, белсенділігін, қоғам және айналасындағылар үшін не жасағанын, қандай да бір жобаларға қатысқаны туралы білуге болады. Өркениетті елдерде жұмысқа қабылдау кезінде әлеуметтік белсенділік жоғары бағаланады. Кандидаттардың мүмкіндіктері тепе-тең болған жағдайда, белсенділерге басымдық беріледі.

Сондықтан кандидат, өзінің өмірлік тәжірибесін суреттей отырып, прокуратура органдарында қызмет етуге қабілетті және лайықты екеніне барлығын сендіру қажет. Осылайша біз оның іскерлік, кәсіби және адамгершілік қасиеттерін көре аламыз.

Ж.Асанов атап өткендей, эссе - бағалаудың ең танымал әдісі. Ол кандидаттың шығармашылық ойлау қабілетін айқындауға, оның өз ойларын қаншалықты жеңіл жеткізе алатынын байқауға мүмкіндік береді. Бұл екі қасиет өте маңызды. Прокурор қызметі – бұл, ең алдымен, адамдармен қарым-қатнас, жазбаша болсын, ауызша болсын, бастысы қарым-қатынас. Бұл жерде оның өз ойын қалай жеткізе алатыны маңызды. Қалыптан тыс, икемді ойлау қабілеті болмаса, қызметкер идеяларды түрлендіре алмайды. Эссе кандидаттың өз ойын нақты және сауатты жеткізе алу, ақпаратты құрылымдау, бастыны екінші дәрежеліден ажырата білу, өз тұжырымдарын дәлелдей алу қабілеттерін көруге мүмкіндік береді.

Кейс – бұл нақты проблемалық жағдай түріндегі тапсырма. Кандидат бұл проблеманың басын ашып алуы міндетті. Содан кейін оның шешу жолдарын ұсынып, солардың ішінен үздігін таңдап алуы керек. Осылайша кандидаттың заңдарды тәжірибе жүзінде қолдана алу, ақпаратты саралап, жинақтау, логикалық ойлау қабілеттерін тексеруге болады.

Ж. Асанов психологиялық зерттеудің орны туралы айтқанда оның ең маңызды кезең екенін атап өтті. Ол алдыңғы барлық кезеңдерді қорытындылайды. Оны өткізу барысында кандидаттың интеллект коэффициенті (IQ), түлғаның жеке ерекшеліктерін, кандидаттың толық психопортретін анықтауға мүмкіндік беретін психотесттер жүргізіледі. Сонымен қатар, оны не жетелеп тұрғанын білуге болады – пайда тигізу ынтасы ма, әлде жеке мүдделері.

Өмірлік тәжірибесін суретту, эссе және кейсті Назарбаев Университеті Жоғары мемлекеттік саясат мектебі, ПрайсУотерХаус және Деллойт сарапшылары бағалайтын болады.

Кандидаттардың барлық жұмыстары құпияланады. Кандидат – оны кім бағалайтынын, ал сарапшы – кімнің жұмысын бағалап отырғанын білмейді. Мұндай тәуелсіз бағалау жұмысқа қабылдау кезінде мінддетті болады.

Ұсынылып отырған жаңашылдықтар кадрларды іріктеудің тиімділігін арттыруға бағытталып отыр, олар кандидаттың жеке басы жайлы көбірек білуге мүмкіндік беретін болады. 

Жасалып отырған жұмыстардың нәтижесінде қадағалау органдарының кадрлық әлеуетін сапалы жаңартуға, прокурорлар қатарын білімді және кәсіби дағдылары бар даярланған мамандармен толықтыруға қол жеткізілмек.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.