Прокуратура Жамбыл облысында рельстен шыққан вагондарға қатысты істі бақылауға алды

17 маусым 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2018 жылғы 17 маусымда сағат 13.45-те Жамбыл облысы Шу қаласынан 50 шақырымдық жерде 20 вагоннан құралған "Алматы-Астана" бағытындағы жолаушылар пойызы жолдан шығып кетті.

Жол апаты салдарынан 8 вагон рельстен шығып, екеуі аударылып қалды.

Оқиға себебі анықталуда.

Алдын-ала белгілі мәліметке сәйкес, жолаушылар пойызының апаты нәтижесінде 2006 ж.т. кәмелеттік жасқа толмаған бала мерт болды.

11 азамат түрлі дене жарақатын алды. Оларға медициналық көмек көрсетілді.

Оқиға орнында Бас көлік прокуратурасының прокурорлары, көліктегі ішкі істер органдарының қызметкерлері, жергілікті атқару органдары мен барлық төтенше қызметтер жұмыс істеуде және Шу қалалық ауруханасының жедел жәрдем көлігі жұмылдырылды.

Шу қаласының екі ауруханасы күшейтілген режимге көшірілді.

Теміржол, әуе, теңіз немесе өзен көлігі жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша Шу ЖІІБ-мен ҚР ҚК 344 бабы 2 бөлігі СДБТ-не тіркелді.

Қылмыстық істің тергелуі Бас көлік прокуратурасының бақылауына алынды.

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу