You are here

«Прокуратура туралы» Заңның мәтіні БАҚ беттерінде жарық көрді

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

3 маусым 2017 жыл, Астана қ. Мемлекет басшысымен 2017 жылдың 30 маусымында қол қойылған «Прокуратура туралы» Заң БАҚ-та  жарық көрді. Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

Бұл заң Президенттің өкілеттіктерін Парламент пен Үкімет арасында қайта бөлуді жүзеге асыру бойынша конституциялық реформаның жалғасы болып табылады.

Онда прокуратураның міндеттері айқындалып, прокурордың өкілеттіктері (құқықтары мен міндеттері), оның жауапкершілігі баяндалған, сондай-ақ тексерілетін субъектілердің  құқықтары мен міндеттері белгіленген және прокурорлық тексерістердің негіздері қысқартылған.

Қадағалауды үш формада іске асыру көзделген. Олар: тексеру, талдау мен заңды күшіне енген құқықтық актілерді бағалау. Прокурордың құқықтық актілер жүйесіне де түзетулер енгізілген.  Қадағалау актілерінен «алдын ала ескерту» мен «ұйғарым» алынып тасталды. 

Прокуратура органдарының біріңғай жүйесі, Бас Прокурордың өкілеттігі, Бас прокуратураның, облыстық, аудандық және оларға теңестірілген прокуратуралардың қызмет ету саласы айқындалды.

Тұтастай алғанда,  қадағалаудың қағидалары мен міндеттері бұрынғы қалпында қалды. Олар - адам құқығын қорғау, заңдылықты сақтау мен құқық қорғау қызметін үйлестіру.

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
press@prokuror.kz
+7 7172 71 27 66
+7 7172 71 28 19

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.