You are here

«Прокуратура туралы» ҚР Заңының жаңа қырлары

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

10 шілде 2017 жыл, Астана. 2017 жылғы 30 маусымда Мемлекет басшысы «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) қол қойды.

Заң «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар кешені туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 наурыздағы № 437 Жарлығын орындау үшін әзірленген.

«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабының 1-тармағына прокуратура қызметінің аясы сипаттап көрсетілген өзгерістер енгізілді.

Осыған байланысты, жаңа Заңда Қазақстан Республикасы прокуратурасының мәртебесі, құзыреті, қызметін ұйымдастыру тәртібі айқындалған.

Заңның 1-бабына сәйкес прокуратура мемлекет атынан заңда белгіленген шектерде және нысандарда Қазақстан Республикасы аумағында заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды жүзеге асырады, сотта мемлекет мүдделерін білдіреді және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

Заң адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделерін қорғауға және қалпына келтіруге бағытталған.

Жоғары қадағалау шектері мен нысандары айқындалған, оның негізгі бағыттары нақтыланған, мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіндегі заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалау шекарасы белгіленген.

Прокурордың өкілдіктері (құқықтары мен міндеттері), оның жауапкершілігі бекітілді, прокуратураның міндеттері айқындалды, тексерілетін субъектілердің құқықтары мен міндеттері көзделді, прокурорлардың тексерістер тағайындау үшін негіздер, сондай-ақ прокурорлардың талап қоюымен сотқа жүгіну негіздері қысқартылды.

Қадағалаудың үш түрі көзделген: заңды күшіне енген құқықтық актілерді тексеру, талдау, бағалау.

Прокурордың құқықтық актілер жүйесі оңтайландырылды. Прокурорлық қадағалау актілерінен (ден қою) «алдын ала ескерту» және «ұйғарым» алынып тасталды.

Заңды түсіндіру актісінің мазмұны өзгертілді. Аталған құқықтық акті қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында, сондай-ақ дайындалып жатқан құқыққа қайшы әрекеттер туралы мәліметтер бар болған кезде енгізілетін болады.

Наразылық келтіруге жатпайтын құқықтық актілердің түрлері айқындалды, прокурорлық қадағалау актілерін қабылдау негіздері мен салдары белгіленді. Қадағалау актілерін (ден қою) мәжбүрлі орындау сот тәртібінде ғана жүзеге асырылатын болады.

Соттағы мемлекет мүддесіне өкілдік ету және қылмыстық қудалау функциясына, сондай-ақ мемлекеттік құқықтық статистиканы құру, арнайы есепке алуды жүргізу, прокуратура органдарының жүйесінде бірыңғай мемлекеттік кадр саясатын іске асыру және прокуратура қызметінің басқа да бағыттары жеке тарауларда көрсетілді.

Прокуратура органдарының бірыңғай жүйесі, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының өкілеттілігі, Бас прокуратура, облыстық, аудандық және оларға теңестірілген прокуратуралардың қызмет аясы айқындалды.

Заңда республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлінуі көзделмеген және жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдары жоқ.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

press@prokuror.kz

+7 7172 71 27 66

+7 7172 71 28 19

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.