You are here

«Прокуратура: өткені, бүгіні және болашағы» тақырыбындағы конференцияға қатысу туралы баспасөз ақпараты (Мәскеу қаласы)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Ағымдағы жылғы 7 қазанда Ресей Федерациясы Бас прокуратурасының Академиясында танымал мемлекеттік қайраткер, кеңестік және ресейлік заңгер-ғалым, Ресей Федерациясы прокуратурасының Құрметті қызметкері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Ұлы Отан соғысының қатысушысы Александр Яковлевич Сухаревтің туған күніне орай ұйымдастырылған «Прокуратура: өткені, бүгіні және болашағы» тақырыбында  ІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Іс-шара тікелей оның қатысуымен ұйымдастырылды.

Ғылыми жиылыстың жұмысына ғалымдар мен практиктер тартылды, олардың ішінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының, Тәжік ұлттық университетінің, ТМД қатысушы мемлекеттер бас прокурорларының Үйрестіруші кеңестерінің, Ресей Федерациясы Федералды Кеңесінің Мемлекеттік Думасының, Прокуратураның ардагерлер кеңесінің өкілдері, сондай-ақ ғылыми және педагогикалық жұмыскерлер, бірқатар ресейлік жоғары оқу орындарының аспиранттары болды.

Қазақстан тарапынан Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Ұлан Байжанов өкілдік етті.

Ұлан Байжанов өзінің алғы сөзінде Александр Сухаревтің қазіргі прокуратураның қалыптасуындағы орны мен «Заңгерлер ядролық қаруға қарсы» Бүкіләлемдік ассоциациясын құрудағы бастамасын ерекше атап өтті.

Сонымен бірге, ректор Құқық қорғау органдары академиясының ғылыми-ағартушылық қызметін дамытудың келешегі мен прокуратура органдарының тәжірибесіне жобалық тәсілді енгізу туралы сөз қозғады.

Академияның бірқатар шетелдік елдерінің прокуратурасы қызметін құқықтық реттеуге  жүргізген салыстырмалы талдауының нәтижелері конференцияға қатысушылардың ерекше қызығушылығын туғызды.

Секциялық отырыстардың жұмысы аясында прокурорлық қызметтің теориясы мен тарихы, қылмыстық-құқықтық саладан тыс заңдардың орындалуына қадағалау ұйымдастыру, қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы прокуратура қызметі, прокуратура қызметінің өзге де бағыттары, сондай-ақ прокуратура органдарындағы жұмыс пен басқаруды ұйымдастыруға қатысты мәселелер талқыланды.

Конференция нәтижесі бойынша прокуратураны ұйымдастыру және қызметін жетілдіруге бағытталған, прокурорлық қызметті іске асырудың мәселелерін ғылыми зерттеудің өзекті бағыттарын анықтайтын ұсыныстар жасалды.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы
Құқық қорғау органдары академиясының баспасөз қызметі

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.