You are here

Прокуратура органдарының жас қызметкерлеріне арналған кәсіби дайындық курстарының ашылуы туралы баспасөз ақпараты (Қосшы, 2016 жылғы 14 қараша)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Бас Прокурордың «Прокуратураға - үздік кадрлар!»  атты бастамасымен мамандарды іріктеп алудың жаңа форматы бойынша қызметке тағайындалған прокуратура органдарының жас қызметкерлерінің кәсіби дайындық курсының ашылу салтанаты өтті.     

Іс-шараның ашылуында Бас прокуратураның Кадр жұмысы департаментінің бастығы Александр Огай, Құқық қорғау органдары академиясы бірінші проректорының міндетін атқарушы Наиль Ахметзакиров сөз сөйлеп, тыңдаушыларды белсенді және нәтижелі жұмыс жасауға шақырды.

Сондай-ақ Академия оқу бағдарламасын жаңартылғаны, оларға шешендік өнер, жобалық менеджмент, көшбасшылық және басқа жеке-дара қасиеттерді дамытатын дәрістер мен тренингтердің қосылғаны аталып өтілді. Тұтастай алғанда оқытудың жаңа форматы тәжірибеге жақындатылған және жұмысқа қажет дағдыларды игеруге мүмкіндік береді.    

Дәріскер ретінде Бас прокуратураның, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының жоғары дәрежелі қызметкерлері мен өзге де ұйымдардың сарапшылары тартылды.    

Бір айлық курсқа прокуратура органдарының 64 жас қызметкері қатысуда.

Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының баспасөз қызметі

Теги: 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.