You are here

Прокуратура органдарының қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиналыс туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 6 желтоқсан 2012 жыл)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас прокуратурада прокуратура органдарының қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтті.

Бас Прокурор прокуратура органдарының алдында тұрған жауапкершілігі зор міндеттерді орындау жолында жетістіктер тілей отырып, әріптестерін жылы лебізбен құттықтады. Тәуелсіздік жылдарында прокуратура органдары өзінің дамуы мен қалыптасу жолдарынан өтті. Прокуратураның беделі бірнеше есе өсіп, оның әлеуметтік маңыздылығы артта түсті. Бүгінде заңдылықтың мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуге арналған басты құқықтық институттардың бірі бола отырып, прокуратура қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуда маңызды рөл атқарады. Прокурорлар қызметінің маңызды бағыттары ретінде заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту, азаматтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғау болып табылады.

Мереке құрметіне орай мінсіз қызметтері және өз міндеттерін үлгілі орындағандары үшін бірқатар қызметкерлер сыныптық шендермен және ведомстволық наградалармен марапатталды. Үздік спортшы-прокурорлар қол жеткізген жетістіктері үшін атап өтілді.

Осыдан кейін прокуратура органдары қызметкерлерінің күшімен дайындалған мерекелік концерт болды.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.