You are here

Прокуратура органдарының бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындылары бойынша Бас прокуратураның алқа мәжілісі туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2013 жылғы 12 шілде)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындыларын талқылауға және қызметтің алдағы кезеңге арналған басым бағыттарын айқындауға арналған Бас прокуратураның кеңейтілген алқа мәжілісі болып өтті.

Алқаның жұмысына Президент Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері, Бас прокуратураның орталық аппаратының, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің, Бас әскери және Бас көлік прокуратураларының қызметкерлері, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілгендер,  бейнконференциялық байланыс арқылы – облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі прокуратуралардың қызметкерлері қатысты.

Прокуратураның құқық қорғаушылық және қадағалау қызметінде қол жеткізген жетістіктері, сондай-ақ алдағы уақытта жөнделуі тиіс кемшіліктер мен олқылықтар туралы объективті және түбегейлі талқылау болды.

Бас Прокурор атап көрсеткендей, өткен жартыжылдықта қадағалау органдарының басты күш-жігері азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығын қолдауға бағытталған Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға шоғарыландырылды.

Бас прокуратура Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы» Жолдауында берілген тапсырмаларын белгіленген мерзімінде орындады. Бағдарламалық құжатты жүзеге асыру аясында бас қадағалау органының жетекшілігімен жаңа Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерінің, Құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасының, Құқық қорғау органдарының кадр саясаты тұжырымдамасының, Құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар басшыларының президенттік резервін қалыптастыру ережесінің жобалары дайындалды.

Прокурорлар қабылдаған шаралардың нәтижесінде жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтаруға, кен орындарынан мұнайды жаппай ұрлау схемаларын ашуға қол жеткізілді. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау аясында бизнес пен мемлекеттің өзара іс-қимылын одан әрі жетілдіруге, әкімшілік кедергілерді жоюға, бақылаушы органдардың заңсыз тексерулерімен күресуге бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілді. Жетім балалар мен ата-анасының қорғанысыз қалған балаларды қорғау бойынша шаралар қабылданды.

Өткен жартыжылдық ішінде әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлар 243 мыңға жуық заңдылықтың бұзылуын жойды. 500 мыңнан астам азаматтың құқықтары қалпына келтірілді. 25 мың заңсыз құқықтық актілердің күші жойылды. Мемлекет кірісіне 24 миллиардтан астам теңге өндірілді. 15 млрд теңгеге мемлекеттің материалдық мүддесі қорғалды.

Прокурорлық ықпал ету актілері бойынша 4 млрд. теңгеге жуық жалақы бойынша мерзімі өтіп кеткен қарыздар төленді, осылайша 65 мың жұмысшының еңбек құқықтары қорғалды.

Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында ана мен баланы қорғауға ерекше назар аударылды. Осы жұмыстардың нәтижесінде 120 мың-ға жуық кәмелетке жасы толмағандардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.

Кезекші прокурор институтының жемісті қызмет етуі нәтижесінде ішкі істер органдарының қызметтік бөлмелерінен заңсыз ұсталып отырған 1 мыңға жуық азамат босатылды. 343 тұлғаға қатысты негізсіз жүргізіліп келген жедел-іздестіру іс-шаралары тоқтатылды.

Прокурорлардың наразылығы бойынша 613 тұлғаға қатысты үкім, сондай-ақ 900-ден астам шешімдер мен қаулылар заңға сәйкес келтірілді.

Жыл басынан бері өз құқықтарын қорғау мақсатында прокурорларға 104 мыңнан астам азамат жүгінді. Түскен өтініштердің үштен екісі (70191) Бас прокуратурада шешілді.

Еліміздегі «түрмедегі халық» санын төмендету туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде Бас прокуратураның бастамасымен «Түрме орнына – пробация мен электронды білезік» атты жобаны енгізу жөніндегі алғашқы форум болып өтті. Жаңа құқықтық институттың артықшылықтары айқын көрінуде. Статистика көрсетіп отырғандай, пробация қайталанатын қылмыстарды азайтуға мүмкіндік берді, өйткені, пробациялық бақылау тағайындалмағандарға қарағанда, пробациялық бақылаудағы шартты түрде сотталғандар қылмысты алты есе аз жасаған.

Сонымен қатар, Бас Прокурор прокуратура органдары қызметіндегі айтарлықтай кемшіліктер мен олқылықтарды атап көрсетіп, оларды жою үшін нақты тапсырмалар берді.

Атап айтқанда, экологияның өзекті проблемалары прокурлардың жіті назар аударуын қажет етеді. Өндірістік кәсіпорындар жыл сайын ауаға 3 млн. тоннадан астам ластаушы заттарды шығарады, тасталатын зиянды заттардың көлемі шамамен 2,8 млн. тоннаны құрайды. Осы ретте бұл эмиссия көлеміне уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты болғандықтан, зиянды заттарды шығаруды тазарту технологиясын жетілдіруге кәсіпорын басшылары мүдделілік танытпайды. Прокурорлар да енжарлық танытып отыр, Салық кодексі бойынша ластаушы заттардың 16 түрі бойынша ғана төлем мөлшерлемесі белгіленген, ал олардың жалпы саны жеті жүзден асады.

Қалыптасқан жағдай ауаның сапасын және өндіріс қалдықтарын басқаруды жетілдіруді қарастыратын Қазақстанның «жасыл экономикаға» өтуі туралы тұжырымдамасына қайшы келеді, деп атап көрсетті А.Дауылбаев. Ол осы салада қадағалауды күшейтуді, атмосфералық ауа туралы заңнамалардың қолданылу мәселелері бойынша жаппай тексерістер ұйымдастыруды, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу туралы бастама көтеруді тапсырды.

Жер қатынастары саласындағы мемлекеттің мүддесін қорғау мәселелеріндегі прокурорлардың жұмысы көңіл көншітпейді. Мысалға, Маңғыстау облысындағы туристік кластер, энергетикалық хаб және «Ақтау-Сити» кешенін  дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыру көзделген жер телімдері жеке тұлғалардың қолына өтіп кеткен. Бірақ мемлекеттік органдар, соның ішінде прокуратура уақтылы шара қабылдамаған және бұзушылықтың жолын кеспеген. 

Жиналыста сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімділігін арттырудың маңызды міндеттері де талқыланды, оған көбінесе ұшырайтын мемлекеттік сатып алу саласы екені атап көрсетілді. Бас прокуратура облыстардың барлығында дерлік мемлекеттік сатып алу саласына тексеру жүргізудегі айтарлықтай кемшіліктердің бетін ашты. Осыған орай прокуратураның қадағалаушылық әлеуетін соғұрлым толық пайдалану, сыбайлас жемқорлық схемаларын анықтау, жедел-іздестіру іс-шараларына бастамашы болу және олардың нәтижелілігін арттыру мәселелерінде бірізді және принципшіл ұстанымда болу, сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстарды тиісінше тергеу қажеттілігі көрсетілді.

Монополистердің коммуналдық қызметтердің бағалары мен тарифтерін көтеруге ден қою мәселелерінде де кейбір прокуратура органдары өздерін жақсы қырынан таныта алмады. Бас Прокурор осы бағыттағы жұмыстарды дұрыс жолға қоюды тапсырды, өйткені әлеуметтік шиеленістің алғышарттарын тудыратын болғандықтан, бұл салада әрекетсіздікке немесе сапасыз қадағалауға жол берілмеуі тиіс.

Прокурорлардың есепке алу-тіркеу тәртібі саласында жүргізіп отырған жұмыстарына қарамастан, қылмыстарды жасырып қалу фактілері әлі де орын алуда. Осыған орай А.Дауылбаев қылмысты жасыруға жағдай жасайтын қызметкерлерге ең қатал әсер ету шараларын қабылдау қажеттілігін, сондай-ақ өңірлік прокурорлар мен ішкі істер органдары басшыларының жауапкершілігі туралы мәселе көтерді.

Сондай-ақ алқаға қатысушылардың назары ұйымдасқан қылмысқа, экстремизм мен терроризмге тосқауыл қою саласында, сот актілерінің заңдылығы, соттағы мемлекет мүддесіне өкілдік ету, атқарушылық өндірістің заңдылығына қадағалауды күшейтудің маңыздылығына аударылды.

Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар қадағалау қызметінің ажырамас бөлігіне айналды, уақтылы және шебер қолданған жағдайда олар құқық қорғау органдарының тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Осыған орай прокурорларға құқықтық статистиканың бірегейлендірілген жүйелерін барынша толық пайдалану, құқық қорғау және арнайы органдардың ақпарат алмасу жүйесін, қылмыстылық пен апаттылық картасын енгізу, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың жаңа жүйесін – тексерістерді есепке алудың электрондық журналын жасау бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Алқа жұмысының қорытындысы бойынша Бас Прокурор құқық қорғаушылық және қадағалау қызметтерінің тиімділігін одан әрі арттыру бойынша кезек күттірмес ұйымдастырушылық-практикалық шаралар қабылдауды тапсырды. Прокурорлық қадағалаудың басым бағыттары бойынша бірқатар міндеттер қойылды, олардың ішінде азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қорғау, қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен күрес, экстремизм мен терроризмге тосқауыл қою, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау бастылары ретінде атап көрсетілді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.