You are here

Прокуратура органдарының 2012 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша Бас прокуратураның алқа мәжілісі туралы баспасөз ақпараты (Астана қ., 2012 жылғы 21 желтоқсан)

Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Бүгін Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың төрағалық етуімен, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Марат Тәжиннің қатысуымен Бас прокуратураның кеңейтілген алқа мәжілісі болып өтті.

Бас прокуратураның жаңа әкімшілік ғимаратында өткен осы жиналысқа тұңғыш рет бейнконференциялық байланыс арқылы облыстық және аудандық деңгейдегі прокуратуралардың басшыларымен бірге қатардағы қызметкерлерінің де қатысуы қамтамасыз етілді.

Қызметтің алдағы кезеңге арналған басым бағыттары айқындала отырып, жұмыс қорытындылары мұқият талқыланды.

Аяқталып отырған жылы қадағалау органдарының басты күш-жігері ең алдымен азаматтардың, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға, мемлекеттік бюджеттің қаражаттарын ұрлау көздерін анықтау және жоюға, еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың тұрақтылығын қолдауға шоғарыландырылды.

Әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлар 358 мыңнан астам заңдылықтың бұзылуын жойды, 540 мыңнан астам азаматтың конституциялық құқықтары қорғалды.

Еңбек құқықтарын қорғауға ерекше назар аударылады. Ағымдағы жылдың басынан бері прокурорлар 131 мың жұмысшыға 7,7 млрд теңге сомасындағы жалақы бойынша мерзімі өтіп кеткен қарыздарды төлеуді қамтамасыз етті. Осының нәтижесінде жалақы бойынша жалпы қарыз үш мәртеге – 4,6-дан 1,6 млрд теңгеге дейін азайды.

Прокурорлық қадағалау шараларымен 190 мыңнан астам баланың құқықтары қорғалды. Олардың құқықтарын бұзғандары үшін 11 мыңнан астам лауазымды тұлға әртүрлі жауапкершілікке тартылды.

«Балалар – біздің болашағымыз» атты серпінді жобаның нәтижесінде қылмыс жасаған оқушылардың саны 13,7%-ға төмендеді.

Өз құқықтарын қорғау мақсатында прокурорларға 232 мың азамат жүгінді, олардың 51 мыңы жеке қабылдауда болды. Әрбір екінші өтініш өзінің нақты шешімін тапты.

Кезекші прокурор институты азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың өткір құралы болып отыр. Оның жемісті қызмет етуі заңсыз ұстап отыру және  өзге де заңсыз әрекеттердің дер кезінде жолын кесуге мүмкіндік береді.

Осының нәтижесінде қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі кезеңдегі азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылу санын едәуір төмендетуге мүмкіндік туды. Қылмыстық қудалау органдарының қызметтік кабинеттері мен өзге де бөлмелерінде азаматтарды заңсыз ұстап отыру 20%-ға төмендеді. Уақытша ұстау абақтыларында заңсыз ұсталып отырған 1152 адам босатылған.

Прокурорлар 450 азаматқа қатысты негізсіз жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларын тоқтатты.

Сотқа дейінгі өндіріс сатысында қадағалауды күшейту соттардың ақтау негізінде қысқартқан істерінің санын төрт есеге төмендетуге алып келді (372-ден 83-ке дейін).

Прокурорлардың наразылығы бойынша азаматтық істер бойынша 736, әкімшілік істер бойынша 458 және  қылмыстық істер бойынша 817 сот актілері заңға сәйкес келтірілді.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласында прокуратура органдары қабылдап отырған шаралардың тиімділігін арттыру бойынша жұмыстар одан әрі серпіліс алды. Мемлекеттік органдардың 26,5 мыңнан астам заңсыз жоспарлаған тексерістері болдырмай тасталды.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық ұтқыр топтардың жұмыстары айқын тиімділігін көрсетіп отыр, олардың көмегімен 700-ден астам құқық бұзушылыққа тосқауыл қойылды.

Қадағалау қызметінің түрлі бағыттары бойынша мемлекет кірісіне 56 миллиардтан астам теңге өндірілді. Азаматтық және әкімшілік істер бойынша 33,5 млрд теңгеге мемлекеттің материалдық мүддесі қорғалды.

Сонымен қатар, прокурорлар қабылдаған шаралар 123 млрд теңгені мемлекетке қайтаруға және 434 млрд теңге көлеміндегі шығынды болдырмауға септігін тигізді.

Прокурорлық тексерістер нәтижесінде көлемі 16 мың га, кадастрлық құны 215 млрд теңгені құрайтын 96 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

Есепке алу-тіркеу тәртібі саласында мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізілді. Арыздар мен хабарламаларды электрондық тіркеуді енгізу есепке алудан жасырынып қалған қылмыстар санын едәуір төмендетуге алып келді, бұл өз кезегінде қылмыстылықтың объективті келбетін қамтамасыз етуге және жәбірленушілердің құқықтарына кепілдік беруге мүмкіндік береді.

Бас прокуратура жеке және заңды тұлғалардың әкімшілік айыппұлдар бойынша міндеттемелерін бұлжытпай орындауды қамтамасыз етуге арналған «Шектеу» бірыңғай мәліметтер банкін құру бастамасын көтеріп отыр.

Кейінгі уақытта құқықтық статистика органдарындағы ақпараттық жүйелерді дамыту, ведомстволық мәліметтер базасын бірегейлендіру   бойынша жүргізілген ауқымды жұмыстар құқық қорғау органдарының талдау қызметін жаңа сапалық деңгейге шығарды.

Еуропадағы алдыңғы қатарлы елдердің бірі болып табылатын Испаниямен қылмыстық-құқықтық саладағы ынтымақтастық туралы келісімдердің толық топтамасына қол қою халықаралық ынтымақтастық саласындағы маңызды оқиға болды. Қазақстаннан тыс жерлерде сот төрелігінен жасырынып жүрген азамттарды экстрадициялау бойынша жұмыстардың белсенділігі арттырылды.

Алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша Бас Прокурор қадағалау қызметінің тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар міндеттер қойды.

Ең алдымен, Бас прокуратураның қорытынды алқа мәжілісінде анықталған қызметтің басым бағыттары ел Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларды жүзеге асыруға бағытталған.

Олардың арасынан экстремизм мен терроризм, профилактиканы күшейту және қылмысты ескерту, азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау, бизнесті қорғау бойынша салмақты шаралар қабылдау, талдау жұмысының сапасын арттыру, сондай-ақ  жер қойнауын пайдалану және бюджет қаражатын жұмсау саласындағы заңдылықты қамтамасыз етуді бөліп көрсетуге болады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

www.prokuror.kz
twitter.com/#!/GenProkRK
facebook.com/GenProkRK
www.youtube.com/user/GenProkRK
vk.com/GenProkRK

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу

Шрифт өлшемі
Қалыпты нұсқа
Үлкен өлшем
Үп-үлкен өлшем
Сайт түстері
Ақтың бойымен қара
Қараның бойымен ақпен
Көгілдірдің бойымен қара көкпен
Суреттер
Суреттерді өшіру/қосу
Теңшелімдер
Теңшелімдер
Normal version
Normal version
Мәтіндегі қателік:
Қате туралы хабарлағыңыз келсе "Хабарламаны жіберу" батырмасын басыңыз.