Прокуратура органдарындағы жаңа тағайындаулар

28 желтоқсан 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

2018 жылғы 26 желтоқсандағы бұйрығымен Сапарбек Нұрпейісов Батыс Қазақстан облысының прокуроры қызметінен босатылып, Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау жөніндегі қызметінің бастығы болып тағайындалды.

Батыс Қазақстан облысының прокуроры болып Жандос Өміралиев тағайындалды.  

С.А. Нұрпейісов 1960 жылы туған. Прокуратура органдарында 1985 жылдан бастап жұмыс істейді.

2001 жылдан 2005 жылға дейін Атырау облысы және Астана қаласы прокурорларының орынбасары болды.

2005 жылдан 2012 жылға дейін Бас прокуратураның Мемлекеттік органдарда тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау департаментінің орынбасары қызметін атқарды.

2012 жылдан 2018 жылға дейін Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстарының прокуратураларына басшылық етті.  

2018 жылдың тамыз айынан бастап Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау жөніндегі қызмет бастығының міндетін атқарушы.

3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі – жоғарғы сыныптық шені бар.

Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға, прокурорлық қадағалауды жетілдіруге айтарлықтай үлес қосқаны үшін ІІ дәрежелі «Даңқ» және ІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен наградталды.

Ж.Ж. Өміралиев 1978 жылы туған. Прокуратура органдарында 2000 жылдан бастап жұмыс істейді.  

Ақтөбе облысының прокуратура органдарында әртүрлі қызметтерде, соның ішінде басшылық лауазымдарда жұмыс атқарды.

2010 жылдан 2011 жылға дейін Бас Прокурордың ерекше тапсырмалар жөніндегі аға көмекшісі – Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының  Үлестіру кеңесінің хатшысы лауазымында болды. 

2011 жылдан 2017 жылға дейін Алматы қаласы прокурорының орынбасары болып жұмыс істеді. 

2017 жылдан 2018 жылға дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаментін басқарды.  

2018 жылдың тамыз айынан бастап – Батыс Қазақстан облысы прокурорының міндетін атқарушы.

2014 жылдан бері Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резервінде тұр.    

Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға, прокурорлық қадағалауды жетілдіруге айтарлықтай үлес қосқаны үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу