Прокуратура органдарында жаңа тағайындаулар

09 тамыз 2018 Версия для печатиВерсия для печатиPDFPDF

Мемлекет басшысының келісімімен Бас Прокурор Қайрат Қожамжаровтың а.ж. 9 шілдедегі бұйрығы негізінде Бас көлік прокуроры болып М.К. Дүйсенов, Шымкент қаласы прокуроры – М.А. Қожабаев, Түркістан облысынң прокуроры Н.М. Әбдіров, Манғыстау облысы прокуроры болып Е.М. Абаев  тағайындалды.

Барлығы Президенттік резервте облыс прокуроры лауазымында тұрған.

 

М.К. Дүйсенов 1973 жылы туған. Тергеу саласында және басшылық лауазымда тәжірибесі мол. Оның ішінде ІІМ, Қаржы полициясы, Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде.

2013-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің сектор меңгерушісі лауазымында қызмет етті.

2016-2018 жылдарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы басшысының орынбасары болды.

2018 жылдың қаңтар айынан бастап Бас көлік прокурорының орынбасары.

«Құрмет» және ІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен марапатталған.

 

М.А. Қожабаев 1974 жылы туған. Прокуратура органдарында 1997 жылдан бастап қызмет етіп келеді.

Әртүрлі жылдары аудан прокуроры және Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы қаласы прокурорының орынбасары лауазымында болды.

2012-2017 жылдар аралығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл қызметінде Жамбыл және Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл ұлттық бюросының басшысы қызметін атқарды.

2017 жылдың желтоқсан айынан бастап Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары.

Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудағы қосқан елеулі үлесі үшін Мемлекет басшысынң Жарлығымен «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

 

Н.М. Әбдіров 1967 жылы туған. Прокуратура органдарында 1991 жылдан бастап еңбек етеді.

Қарағанды облысында аудан прокуроры, Астана мен Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары лауазымдарында болды.

2009-2012 жылдары Бас прокуратураның бірқатар Департаменттерін басқарды.

2012-2017 жылдары аралығында Ақтөбе облысының прокуроры болды.

2017 жылдың тамыз айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры.

Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудағы, прокурорлық қадағалауды жетілдірудегі қосқан елеулі үлесі үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

 

Е.М. Абаев 1969 жылы туған. Прокуратура органдарында 1992 жылдан бастап қызмет етеді.

Павлодар облысы прокуратурасында аса маңызды істер бойынша тергеуші, Павлодар облысы Ертіс, Успен аудандарының прокуроры, Астана қаласының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Басқарма бастығы болды.

2016 - 2017 жылдар аралығында Департамент бастығының орынбасары, Бас прокуратураның Департамент бастығы қызметтерін атқарды.

2018 жылдың шілде айынан Маңғыстау облысы прокуроры қызметін уақытша атқарды.

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі  

 

Пікірлер

Жаңа пікірді жазу